Тибеттіктер төлқұжатсыз қалды

0 181

ПЕКИН. Қытай билігі Тибет тұрғындарын төлқұжатсыз қал­­дырды. Бұған себеп, қаң­тар айының басында бір­неше мың­даған Тибет хал­қының шетел асып, Үн­діс­тан­дағы діни рәсімге қа­ты­сып келуі себеп болып отыр. 

Бұл жиынға Тибеттен қуылған XIV Далай-ламаның да болғанын естіп-білген ресми Қытай ас­тыр­тын­­ түрде осындай қа­дам­ға­ барып отыр. Он күнге со­зыл­ған­­ ді­ни­ рәсімнен оралған аза­мат­­тар­дың­ көпшілігі қамауға алы­нып,­ «зиянды ақпараттар ал­ға­ны­ үшін қай­та тәрбиеленуге жі­бе­р­іл­ген».

Енді тибеттіктер үшін төл­құ­жат­ алу – күрделі шаруаға айнал­ды.­­­ Не­г­і­з­і­нен­ қы­тай­лық­тар­ға­ төл­­­­­құ­­­­­ж­­а­т­­­ рәсімдеу аса қиын емес. Ти­і­с­ті­ өтініш жазылғаннан кейін 15­­ күннің ішінде төлқұжаты ке­ле­­ді.­­ Егер тиісті мерзім ішінде құ­­жат­­ қол­ға­ тимесе, онда алты күн­­­нің­­­­ ішінде ресми орган се­бе­бін­­ көр­се­тіп,­ арнайы хат жі­бе­ре­­ді. Бәріне ортақ бұл заң енді ти­­­­бет­­тік­терге жүрмейді. Олар­дың­­ өтініші алдымен әртүрлі дең­гейдегі шенеуніктердің қо­л­ы­нан өтеді. Жан-жақты тек­се­рі­ліп, өтініш иесінің ата-тегі мұ­қ­ият­ сұ­­р­ып­талғаннан кейін ба­рып арыз­ Тибет автономды­ ау­дан­ның ор­та­лық полиция­ бө­лім­шесіне келіп түседі. Мұндай «қа­ғаз­бас­ты­лық­тың» шаруасы шаш-етек­тен кө­рінеді. Сондықтан қа­тар­да­ғы Ти­бет азаматына паспорт алу­ мұң­ға айналып отыр.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 15 =