Тест өңдейтін зертханалар қуаты артады

0 45

Кеше елордада қосымша екі жүз төсек-орын қойылды және бірқатар мекемелер стационарға қайта бейімделді.

Бас шаһар басшысы ­Алтай Көлгінов қалалық және жеке меншік емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлерімен, зертханалар мен дәріханалардың басшыларымен онлайн-конференция өткізді. Жиында қосымша төсек-орын санын уақытылы қойып, медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтар қорын толықтыру мәселесі талқыланды.
Егер бұрын жедел жәрдемге мыңнан астам өтініш келіп түссе, қазір 4 мыңға дейін жеткен. Осыған орай, коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін медицина қыз­меткерлері бейнеқоңырау және басқа байланыс арналары арқылы денсаулықты қадағалайды және инфекцияның симптомсыз тасымалдаушыларына барлық мәселелер бойынша кеңес береді. Пациенттерде симптомдар пайда болған жағдайда ауруханаға жатқызады.
«Бұл – жедел жәрдем мен медицина қызметкерлерінің зор жүктемесі. Жедел жәрдем станциясы базасында ашылған колл-орталық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай колл-орталықтар барлық емханаларда болады, осы бағыттағы жұмыс күшейтіледі. Телемедицинаны пайдалану тәжірибесі жалғасып жатыр. Дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектер уақытылы әкелінуі тиіс. Өз тарапымыз­дан қолдау көрсетуге дайынбыз. Барлығымен жеке жұмыс жасауға әзірміз» деді Алтай Көлгінов.
Сондай-ақ зертханалар қуаттылығын арттыруда. Мәселен, «Invivo» зертханасы тест көлемін тәулігіне бір мыңнан екі мыңға дейін көбейтті. «Олимп» адам санының көптігінен және жүйені өңдеу үшін жұмысын жандандырып, жұмыс әлеуетін қолға алды. Тестілеу режимінде мобильді зертханалардың жұмысы іске қосылды. Бұл – тәулігіне тағы 1 мың тест. ПЦР-тесттерді қабылдау және нәтижелерді өңдеу үшін бір топ медициналық қызметкерлер үйретілді.
Қала басшысының мәлімдеуінше, «Травматология және ортопедия ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Green Clinic сияқты республикалық клиникалармен КТ өткізу мүмкіндігін бекіту туралы келісімге қол қойылды. Бұл пневмонияны ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қосымша компьютерлік томография мен өкпені жасанды желдету аппараттары сатып алынады.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + sixteen =