Терминология талаптарын түсіндірді

0 45

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Терминологиялық сөздіктер жасау­дың отандық және халықаралық тәжірибесі» тақырыбында онлайн-конференция өткізді.

Қазақ тілінің ғылым саласындағы қолданысын нығайтуда сапалы терминологиялық сөздіктердің алатын орны ерекше. Онлайн-конференцияда филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәбира Исақова терминологиялық сөздік жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесіне тоқталды. Шерубай Құрманбайұлы сөзжасамдағы бірізділікке баса назар аударды, егер оқу орындарында бір сөздің баламасы бірнеше нұсқада оқытыла беретін болса, бұларда білім алған түлектер ертең өндіріске келген кезде өзара түсінісе алмайтынын айтты.
Мұндай қордаланған мәселелер терминология­лық сөздіктер маңайында жеткілікті.Сол себепті терминологиялық сөздіктер жасауға, оларды жасаудың əдістемесін жетілдіруге аса мəн берген жөн. Аталған шара терминологиялық сөздіктер жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесін талдауға, соның негізінде терминология сөздік жасаудың негізгі талаптарын анықтауға бағытталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + thirteen =