Тереңдету құрғап кетуден сақтайды

0 16

Кіші Талдыкөлді тереңдету оның құрғап кетуінің алдын алады. Мұнда қазірдің өзінде құрғау процесі жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков жетекшілік еткен экологиялық кеңесте айтылды. Аталған жиында кіші Талдыкөлдегі рекреациялық аумақты сақтау және құру мәселесі қаралды.Қала әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға Кіші Талдыкөлді сақтап және суын толтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды. Рекреациялық аймақтың көлемі 20 гектар аумақты қамтиды. Болашақта екі жағалауды жалғайтын көпір салынып, тұрғындарға су көлігі қызмет көрсетеді.
Ал Талдыкөлдің жанынан қорық, орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.
Қазір кіші Талдыкөл деп аталатын сулы-батпақты нысандағы негізгі иондардың, ауыр металдардың, биогендік заттардың химиялық құрамы нормадан бірнеше есе асады. Сондықтан көлдің түбін оны сақтап қалумен бірге жергілікті тұрғындардың денсаулығының жақсаруына ықпал етпек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × four =