Теннис турнирі

0 31

Нұр-Сұлтан қаласында теннистен ATP Challenger Tour сериясы аясындағы «Forte Challenger 100» турнирі өтіп жатыр. Халықаралық жарыстың жүлде қоры 260 400 АҚШ долларын құрайды.

Турнирде АТР рейтингінде жүздікке кіретін америкалық Маккензи Макдональд, ресейлік Евгений Донской, чехиялық Томаш Мачек, германиялық Сендрик-Марсель Штебе, словак Мартин Клижан, өзбекстандық Денис Истомин және басқа да танымал теннисшілер бақ сынады. Қазақстан намысын еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Денис Евсеев және Тимофей Скатов сынды теннисшілер қорғаған еді. Өкінішке қарай, жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінбеді.
Бүгін Ұлттық теннис орталығында жұптық жарыстардың финалында Ламмонс/Уитроу – Паша/Шнур жұптары ойнаса, жекелей жарыстың жартылай финалында Т.Махач (Чехия) пен П.Гуннесваран (Үндістан), сондай-ақ С.Офнер (Австрия) мен Т.Даниэл (Жапония) кездесетін болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − 7 =