ТЕҢ ОЙЫНДАР ТУРЫ

0 106

Өткен сенбіде футболдан Қазақстан чемпиона­ты­ның­­­ үшінші тур ойындары өтті. 

Алматыда «Қайрат» «Атырауды» қабыл­­дап, тең түсті. Владимир Вайсс жат­тық­­ты­ратын «Қайрат» осымен үшінші ойын­да өз қақпасына да доп дарытпай, өзге­­нің қақ­па­сынан да саңылау таба алмай келеді.

Ал, былтырғы чемпион «Шахтер»­ биыл­ғы маусымдағы алғашқы жеңі­сі­не қол жет­кізді. Олар өз алаң­да­рында «Ертісті» қабыл­дап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ, «Ордабасы» команда­сы­ өз алаңында Беранек баптай­тын­­ «Астана­дан»­ жеңілді – 0:2. «Ақ­жай­ық» пен «Ақтөбе» де бір-бір гол алмасып тең түссе, «Тараз» бен «Тобыл» командалары 2:2 көр­сет­кі­ші­мен кездесуін аяқтады. «Восток» пен­ «Жетісу» бір-бірінің осал тұсын таба алмады – 1:1.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + four =