ТЕҢ ОЙЫН – БІР ҰПАЙ

0 141

4826c1630d08cf701f59ee5203e17eb1

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2016 чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Латвия командасымен кездесіп, тең түсті.

Өз алаңында біздің жігіттер басымдық танытып, қарсыластың қақпасына жиі қауіп төндіргенімен, нәтиже – нөл. Юрий Красножан құрған шептің шабуылы латыштардың қорғанын бұза алмады. Қонақтар да Сидельников қақпасынан саңылау таба алмады.

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің «А» тобындағы алты командада Исландия мен Чехия үш ұпаймен көш басында, ал, Қазақстан мен Латвия қоржынында бір ұпайдан бар. Исландия түріктерді тізе бүктірсе, Чехия голландықтарға 2 гол соқты. Алдағы ойындар ауыр болары анық, топтағы қарсыластар – қарымды.
10 қазан күні сырт алаңда Әлем чемпионатында үшінші орынға қол жеткізген Голландия командасымен кездесеміз.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − nine =