ТЕН ТЕҢІН ТАБАР ЕМЕС

0 132

Денис Тен с детства привык добиваться поставленных целей (zimbio_com)

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Австрияның Грац қаласында өткен Icechallenge турнирінде қатарынан екі рет жеңімпаз атанды. Алғашқыда ол қысқа бағдарлама бойынша 88,19 ұпай жинап, ресейлік Гордей Горшков (66,56 ұпай) пен айдын иесі Виктор Пфайферден (64,32) басым түскен еді.

Ал еркін бағдарлама бойынша біздің жас спортшымыз 173,19 ұпай жинап, екінші мәрте қарсыластарынан оқ бойы озып кетті. Бұл жолы да ол Виктор Пфайфер (134,09) мен даниялық Юстус Стридті (131,87) қапы қалдырды.

Денис бұған дейін Италияда өткен халықаралық Merano Cup турнирінде жапондық Дайсуке Мураками (222,89) мен жергілікті атлет Паоло Бачиниді (189,07) артқа қалдырып, 231,12 ұпаймен алтынға қол жеткізген болатын.

Халықаралық сарапшылар Денис Тенді Сочиде өтетін ойындарда біздің үмітімізді ақтайтын бірден-бір спортшыға балап отыр.

Естеріңізге салайық, Теннің Канадада өткен әлем біріншілігінде алған күміс жүлдесінен кейін алдағы ақ олимпиадаға ұлттық  құрамамыздың екінші спортшы жіберуге мүмкіндігі бар.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + 6 =