Теміржолшыларды құттықтады

0 199

Жұма күні Сарыарқа ауданының әкімі Ермек Оспа­нов Ақмола вагон жөндеу зауытында болып, теміржол қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Ел экономикасын дамытуда елеулі еңбек етіп, теміржол сала­сын өркендетуге қосқан үлестері үшін аталмыш мекемеде ұзақ жыл­дардан бері аянбай тер төгіп келе жатқан бір топ азамат аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында Владимир Сер­геевич, Василий Павлович, Назымбек Кұрбанұлы, Қайрат Темірбайұлы, Анатолий Ивановичтің есімі ерекше аталды. Барлық жастық ғұмырларын адал еңбекке арнаған жандардың еңбексүйгіштігі мен биік кәсіби шеберліктері кейінгілерге үлгі-өнеге. Әсіресе, өздері сүйіп таңдаған кәсіпке деген адалдық, сенімді парыз және жауапкершілік бүгінгі жастарға қажет-ақ.

Аудан аумағында тұратын Асхат Харисұлы, Зейнолла Рахымұлы, Са­пар Нұғманұлы сынды азаматтардың да осы салаға сіңірген еңбетері ұшан- теңіз.

Аудан әкімі олардың да аттарына Алғыс хат жолдады.

Соңынан «Вокзал Сервис» АҚ ұжымында болған Е.Оспанов осы салада ел игілігін арттыруға үлес қосып жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық тіледі.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + seventeen =