«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Теміржол ауруханасы түрленеді

0 248

Елордадағы бірқатар медициналық нысандар жаңғыртуды қажет етеді. Соның ішінде Теміржол ауруханасы бойынша Үкімет тиісті шараларды қабылдап жатыр. Кеше қала активінің мәжілісінде осы туралы айтқан елорда әкімі Алтай Көлгінов аталмыш нысан бойынша түрік инвесторларымен меморандум жасалғанын жеткізді.

– Аурухана жаңадан салынады. Инвестормен бірге оның құрылысы жоспарланып жатқан жерді көріп келдік. Ескі ғимараттың орнына жаңа нысан бой көтереді. Оның жанында перзентхана болады. Құрылысты бастау ісі – уақыттың еншісінде. Қазір тиісті жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр, – деді қала басшысы.
Әкімнің айтуынша, бұған қоса, психикалық денсаулықтың медициналық орталығы, №1 және №3 емханалар күрделі жөндеуден өткізіліп, қалалық балалар ауруханасының науқастарды қабылдау бөлімі жаңғыр­тылып, аталған нысандар техникалық тұрғыдан күшейтіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды