Темекішілерді тезге түсірді

0 95

Елордада жыл басынан бері тыйым салынған жерде шылым шеккені үшін 362 адамға хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Бұл туралы «Тоқта, қылмыс» атты арнайы акция аясындағы кезекті рейдте мәлім болды.  

Астана қаласы Ішкі істер департаменті және «Жас Отан» жастар қанаты мен «Темекі түтінінен азат Қазақстан» атты ұлттық коалицияның өткен аптада қаладағы дәмхана, қонақ үй мен мейрамханаларға өткізген біріккен рейдтің мақсаты – қоғамдық орындарда шылым шегетіндерге қатаң ескеру жасап, заң талаптарын түсіндіру болды.

«Темекі түтінінен азат Қазақстан» атты ұлттық коалиция жетекшісі Жәмилә Садықованың айтуынша, елімізде 4,2 миллионға жуық адам темекіге әуес екен. Бұл пайызға шаққанда қазақстандықтардың отыз пайызы шылым шегеді деген сөз.

Рейд барысында тыйым салынған жерде шылым шегудің 6 фактісі тіркеліп, шылымқорлар Әкімшілік заң бұзушылық кодексінің 361-1 тармағы бойынша жауапқа тартылған. Астанада заңды белшесінен басып, темекі шегуге рұқсат беріп отырған 8 мейрамхана басты назарға алынған.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + twelve =