Темекі сөреде тұрмасын

0 20

Мәселен, біріншіден, темекі өнімдерін ашық көрсетіп сатуға тыйым салынған. Темекі өнімдерін, соның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды салып және ашық көрсете отырып сатуға тыйым салынады. Екіншіден, суретсіз және бағасы жазылған сатылатын темекі өнімдерінің тізімі ақ-қара түсті әріптермен жазылған арнайы парақшада көрсетіледі. Үшіншіден, тұтынушы тізіммен танысқаннан кейін өзінің талабы бойынша темекі өнімін көре алады.

2021-10-25_06-34-22

Бүгінгі таңда темекі өнімдерін өндірушілер мен олардың ірі жеткізушілері барлық қызмет көрсетілетін сату нүктелерін арнайы жабдықпен (темекі өнімдерін бүркемелеу үшін жабылатын бокстармен) жабдықтады. Заң талабы бойынша, темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату кезінде өнімдер тізбесі жазылған ақпарат беріледі, онда тауардың бағасы туралы анық жазылады. Сатып алушы талап қойғанда ғана өнім ашық көрсетіледі.

Бұл заң халық арасында өнімді сатып алуға аяқ астынан шешім қабылдаудың айтарлықтай төмендеуіне, балалар мен жасөспірімдердің темекіге деген қызығушылығының кемуіне әкеледі. Темекі өнімдерін жаппай тұтыну азая бастайды дейді заң шығарушылар. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 110-бабының талаптары бұзылған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 199-бабына сәйкес, кәсіпкерлердің жауапкершілігі көзделген.

«Барлық сауда нысандарының басшылары өздерінің сауда залдарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды ашық орналастыруға және көрсетуге тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізуі қажет. Сондай-ақ барлық санаттағы қоғамдық тамақтану нысандарының басшылары қызметкерлермен алдын ала сөйлесіп, темекі және темекі өнімдеріне, кальянға, электрондық темекіге және басқаларға тыйым салу жөніндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің, «Жарнама туралы» заңның жаңа нормаларының талаптарын жеткізуі тиіс. Бұған қоса, кәсіпкерлер өзінің сауда нысандарында жарнамалық акциялар мен іс-шаралар өткізуге жол бермеуі керек. Қала тұрғындары мен қонақтарының, балаларымыздың игілігі үшін қолданыстағы заңнаманың барлық талаптарын сақтауды сұраймыз» деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев елорданың сауда нысандары өкілдерімен кездесуде.

Тыйым салу жөніндегі талаптарды сақтауға қатысты қоғамдық ұйымдардың, қоғам қайраткерлерінің және қаланың басқа да тұрғындарының барлық өтініштері қаралады. Оның қорытындысы бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданады.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 15 =