Теледидарға тәуелділік артып келеді

0 153

Теледидар адамның ішкі ойы мен пікіріне жасырын  әсер етіп, сананы басқаруды жүзеге асырудың негізгі арнасы болып табылады. Мамандардың және психологтардың жиырма жылға жуық жан-жақты жасаған зерттеу нәтижелері теледидарға тәуелділіктің артып келе жатқанын айтады.

Телеөнімдер –  рухани есірткі секілді «тауар». Теледидардың гипноздау әрекеті – ақпараттық жаңалықтар мен көңіл көтеретін бағдарламалар арқылы адамның басым уақытын көгілдір экран алдында өткізуге мұқтаж ету.  Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек,  бүгінде көпшіліктің көгілдір экранға тәуелділігі ұлғайған.

Теледидарды «есірткі» деп  қарастыратын болсақ, халық телебағдарлама этикасының бақылауынан шыққан өнімдерді пайдаланады. Алайда, оның психикаға және мінез-құлыққа әсеріне  бағалау жүргізе алмайды. Оның үстіне кері ықпалын тигізіп жатқан жағдайлардың өзінде де, тұтынуды жалғастырып, оған «тәуелді» болады.

Бүгінде адамдардың теледидарға тәуелділігі жалпылық болып есептеледі. Кейбір санатты адамдар арасында (әсіресе балалар мен жасөспірімдер) экранға тәуелділік айтарлықтай зиянын тигізіп отыр, оның ішінде денсаулығына да кері әсер етеді. Дұрыс қалыптасып келе жатқан бала мен жеткіншектердің өзі теледидар бағдарламаларынан бас тарта алмайды-мыс.

Маман тілімен айтсақ, телесигналдар берілгенде адамның  психикасы кодталады. Ең бірінші кезекте кез келген ақпарат санадан тыс ойлау жүйесіне келіп түседі. Содан кейін барып саналық әрекетке енеді. Телетранциялау арқылы индивид пен бұқараның саналық іс-қимылын моделдеуге болады дейтініміз сондықтан. АҚШ  ғалымдары теледидардың адам санасына тигізер ықпалы туралы көптеген зерттеу жүргізді. Оның  нәтижелері: теледидар өмірдегі жоқ шынайлылықтарды негіз ете отырып ерекше әлемді қалыптастырады. Оның үстіне адам өзінің түйсігіне сәйкес әрекет ететін болады, яғни теледидар адам қимыл-әрекеттерін бағдарламалау құралы болып есептеледі.  Осы жерде маңызды жайт, телеарна қызметкерлері күрделі тақырыптарға үлкен дайындықпен келулері шарт. Екіншіден,  жалпы көрермендердің, оның  ішінде дінге қатты сенетіндер мен атеистердің орташа қалыпты статистикалық түсініктерін назарда ұстау керек.  Адамзат теледидарға «тәуелді» және оның денсаулыққа және басқа да жағдайларға кері ықпалын білген күннің өзінде де, телеөнімдерді тұтынуды жалғастыруда.  Менің айтқым келгені, эфирге шығатын барлық телеөнімдер бақылаусыз қалмаса екен. Мемлекет  эфирге шығатын бағдарламаларды алдын-ала сараптағаны абзал. Бұл – азаматтардың қалыпты психикасының бұзылуына жол бермес үшін  қажет.

Лимана Құттыбек,

психолог

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =