Тексеруші топтар жұмысы күшейтілді

0 25

Бас қалада карантин шараларын сақтауды қадағалайтын мобильді топтардың жұмысы күшейтілуде. Бұл туралы жақында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды.

Күн тәртібінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай және мобильді топтардың жұмысын күшейтуден басқа жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жалпы, елорда коронавирус инфекциясы бойынша сары, қауіпті аймаққа кіреді. Сондықтан бұл ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Оның үстіне жүргізілген тексеріс нәтижесінде ШОБ субъектілері тарапынан карантин шаралары мен санитарлық ережелер бірнеше рет сақталмағандығы белгілі болған.
«Осыған байланысты, құқық қолдану практикасы және ескертуді азайту мақсатында карантин шараларын үнемі бұзатын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін уақытша тоқтата тұру мәселесі қаралатын болады» деп атап өтті ­Бақтияр Мәкен. Оның айтуынша, тыйым­ға қарамастан, кейбір ойын-сауық мекемелері қызметін жалғастыруда. Ал мобильді топтар өкілдері объектіге кіріп, бұзушылықтарды тіркей алмайды, өйткені күзет кіруге кедергі келтіреді немесе объект өз қызметін жабық есік режимінде жүзеге асырады.
Әкімдік өкілдері дерттің таралуын тежеу үшін бұрынғыдай шетелден және басқа облыстардан келушілерді ПТР-тес­тілеуден өткізу қажет деп санайды. Сонымен қатар әлеуметтік нысандарды, кәсіпкерлік субъектілерін және т.б. дезинфекциялауды үнемі жүргізу маңызды. Халық қарапайым ережелерді елемесе, өз өміріне ғана емес, отандастарына да қауіп төндіретінін есте ұстап, үнемі маска тағуы керек.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − eight =