Тексеру жүріп ­жатыр

0 119

Кешеден бері әлеуметтік желіде Астана қаласындағы мамандандырылған балалар үйіне қатысты келеңсіз ақпарат тарады. Шағымданушылар мекеме басшыларын балаларға бөлінген тамаққа ортақтасады деп айыптап отыр. Бұл туралы Алматы ауданының Әлеу­меттік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры Руслан Пірназармен сөйлескен едік.

– Балалар үйіне қатысты дау неден шықты?
– Мамандандырылған балалар үйінің ұжымы атынан Астана қаласының прокуратурасына шағым түсті. Мұндай арыз бұған дейін де тіркелген. Онда балалар үйінің бас дәрігері мен шаруашылық бөлімінің әкімшісі өз қызметін пайдаланып, жеке мақсатқа тамақ әзірлеу жөнінде аспазшыларға тапсырыс бергендігі айтылған.
– Сонда мекеме басшылары сол жердің тамағын ішіп-жеген бе?
– Бұл мәселе бойынша біз арнайы бардық. Екі жақтың да пікірін тыңдадық. Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Дәл қазір уәкілетті орган тексеру жұмыстарымен айналысуда. Қандай жаза қолданатындығы тексерістен кейін белгілі болады. Жалпы, мұндай оқиғаларды дәлелдеу қиын. Сондықтан дерек болған жағдайда тиісті органдарға жедел хабарласқан маңызды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =