Тексеру талабы – қатаң тәртіп

0 26

Елордаданың төрт ауданында кезекті рейд өткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша карантин шараларын бұзған мейрамханалар, кафелер мен караоке-барлар анықталды.

Қаладағы Ачичук, Lemon мейрамханаларында бірқатар заң бұзу фактілері анықталды. Chechil Pub, The түтін, Wok Wok Kitchen мейрамханалары уақытша шектеу шаралары мен бетперде режимін бұзған.
Тыйымдар мен санитарлық нормаларды елемей, «7 қазан» мекемесі, «Счастье» мейрамханасы, «Фазенда» монша кешені, «Шашлыкофф» гриль бары және «Тоғжан» дүкені жұмыс істеген.
Карантиндік шектеулерге қарамастан кей азаматтар карантин режимін елемей, басқа тұрғындарға да қауіп төндіріп отыр. Олар көңіл көтеру орындарына, дәмханалар мен мейрамханаларға баруын доғарар емес.
Сонымен қатар заң бұзу тізімінде бұқаралық іс-шаралар өткізу, жұмыс режимін, келушілердің белгіленген санын (30-дан астам) арттыруы, нысандардың қызметкерлері (даяшылар, сатушылар) бетперде режимін сақтамауы, ойын-сауық мекемелерінің жұмысына салынған тыйым да бар.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 5 =