Техникалық шарттар беріліп жатыр

0 43

Елордадағы «Оңтүстік-Шығыс», «Агроқалашық» (2020 жылы газға қосылмаған бөлігі) тұрғын алаптарын газға қосудың техникалық шарттарын беру рәсімі басталды. Аталған елді мекендер мен «Көктал-1», «Промышленный» тұрғын алаптарын келесі жылыту маусымына дейін газға қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Техникалық шарттарды алу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, Республика даңғылы, 24, «Парасат» бизнес орталығы мекенжайына хабарласу қажет. Бұл ұйым газбен жабдықтауда ішкі желілердің қауіпсіздігі мен оған тікелей қосылуды тексерумен айналысады. Әрі газды пайдалануға жауапты.
Биылғы жылыту маусымында «Железнодорожный», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын алаптары тұрғындары газға көшу мүмкіндігіне ие болды. Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады. Ол қаланың экологиясын едәуір жақсартуға және жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 1 =