ТЕХНИКАЛЫҚ КАДРДЫ АТТАЙ ҚАЛАП АЛАДЫ

0 144

DETAIL_PICTURE__25801925

Жыл басынан бері Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп 3 536 адам жүгінсе, олардың 55%-ы – 29-ға дейінгі жастар.

 «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Оқыту және жұмысқа орналасуға көмектесу» бағыты бойынша Астанада 535 кәсіби білім алу қарастырылған. Жұмысқа орналастыруды барынша тиімді ету үшін кәсіби тәжірибеге жіберілетін адамдармен төрт жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады. Сонымен қатар, бағдарламаның әрбір қатысушысымен жұмыс берушінің талаптарын және жұмыссыздың ниет-тілектерін талқылау бойынша жеке әңгімелесу өткізіледі.

Астанадағы тапшы мамандықтарды анықтау үшін арнайы орталық  мониторинг жүргізеді. Қазіргі кезде еңбек нарығында техникалық және құрылыс мамандарына сұраныс жоғары. Атап айтқанда, өнеркәсіптің түрлі салаларындағы инженерлер, соның ішінде инженер-механик, инженер-жобалаушы, инженер-энергетик, даяшылар, аспаз, монтаждаушылар, электр маманы, электромонтаждаушы-реттеуші, газэлектрдәнекерлеушілер, сантехниктер, темір ұсталары, қырнаушылар жетіспейді.

Биыл қыркүйек айында тоқ­сан жеті адам он айлық кә­сіби даярлау курсына оқуға жі­бе­­рілді. Мамандар Астана қаласы әкім­дігінің Энергетика және бай­­ланыс, Даналық және Бас­қа­ру колледждерінде даяр­лан­ды. Жүз алпыс төрт адам газ-электр дәнекерлеуші, тігін­ші-үлгіші, тәрбиелеуші, электр маманы, сатушы-кассир, аспаз маман­дықтарын жаңадан меңгерді.

Кәсіби машықтарын арт­тыр­ғысы келетіндерге арналған бух­галтер, қойма меңгерушісі, медбике, тәрбиеші, ағылшын тілі, ыммен сөйлеу аудармашысы, аспалы кран машинисі курстары бар.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жастарға лайықты жұмыс орындарын ұсынудан басқа, 6 айлық жастар практикасына қатысу мүмкіндігі беріледі.

Кәсіби оқыту аяқталған соң оқу орталығы бағдарламаға қа­тысушыларды жұмыс беру­ші­лердің берілген өтініші бойынша тұрақты жұмыс орындарына жібереді.

Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + 13 =