©2020 Астана Ақшамы
Техникалар тексеруден өтті
«Астана су арнасы» мекемесінде жабдықталған арнаулы техниканың мүмкіндіктері, жұмыс жағдайына дайындығы және жұмысшы бригадалардың кәсіпқойлығы тексерілді.
Қалада орын алған апаттық жағдайлардың алдын алу үшін заманауи техниканың көмегінсіз сапалы қызмет көрсету мүмкін емес. Бүгінгі таңда мекемеде 295 арнаулы техника жұмылдырылған. Мамандар тәуліктің кез келген уақытында, автономды түрде жұмыс жасай алады. Мәселен, елордада құбырлар істен шықса, тұтынушыны ажыратпай-ақ жөндеу жайы қарастырылған. Тексеру барысында жұмысшылар бригадасы оқу-жаттығулары арқылы тұрғындарға күнделікті қызмет көрсетуде өз дайындықтарын сәтті көрсетті.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ