Тегін жаттығулар өтеді

0 10

Елорда тұрғындарының 33 пайыздан астамы спортпен тұрақты түрде айналысады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын 406 552 адам қамтылды. Бұл тұрғындардың жалпы санының 33,08%-ын құрайды.

baf8a58e48524c01d8c0cde4752c7cb9
Дене шынықтыру және спорт басқармасы 2021 жылы 136 спорттық іс-шара өткізді. Қалада алғаш рет бокс орталығы, көркем гимнастика орталығы, жекпе-жек орталығы мен залы ашылды. Жаңа бокс орталығында 500-ден астам, жекпе-жек орталығында 1000-нан астам адам бір уақытта спортпен айналысуға мүмкіндік қарастырылған. Орталықта Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық құрама және спорт мектептерінің барлық спортшылары үшін жаттығулар тегін өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 1016 спорт нысаны бар, оның ішінде: дене шынықтыру және спорт нысандары – 804, оқу орындары – 215, спорт мектептері – 9 (оның ішінде жеке – 352). Мұнда күніне 7000 мыңнан астам адам айналысатын 32-ге жуық ірі спорт нысаны бар.

«Көктал-2», «Өндіріс», «Үркер» және «Теміржолшылар» елді мекендерінде төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі, яғни, «Көктал-2» мен «Өндіріс» елді мекендерінде қазір оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. «Үркер» мен «Теміржолшылар» спорт кешенінің құрылысын аяқтау 2022 жылдың соңына жоспарланған. 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × one =