Тегін жатқан телім жоқ

0 116

ҚР Үкіметінің 2006 жыл­ғы­ тамыздағы қау­­лы­сына сәйкес, қазақ­с­тан­дық әр аза­­мат­­­ 10­ сот­­ық жер­ те­­гін­­ алу­ға тиіс.­ Енді мұн­­дай­ ­мүм­­кін­дік­тің өзі­ көз­ден­ бұл­бұл­ ұша­­тын­ секіл­ді. 

Жақында Парламент депутаттар­ының­ алдында сөйлеген ҚР Өңiр­лiк­ даму министр­лi­гi Жер ресурс­та­рын басқару комитетiнiң төрағасы Қадырхан Отаров­ «ҚР кейбір заңнамалық акті­ле­­рі­не жер қатынастарын рет­теу­ мә­се­ле­лері бойынша өз­геріс­тер мен­ толықтырулар енгізу туралы» заң жоба­сын­да Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында жеке тұрғын үй салу үшiн жер­ учаскесiн тегiн берудi қа­рас­­ты­­ра­тын норманы жою жө­нін­де­гі ұсы­ныс енгізілгенін мә­лім­деді.

Елімізде жер телімін алуға дәмелі азаматтардың тіле­гін қанағаттандыру үшін 90 мың­ гектар жер қажет кө­рі­­не­ді. Бұл Қарағанды мен Шым­кент қалаларын қосып ал­ған­дағы аумақпен тең. Қа­дыр­хан­ Ота­ров мұндай ау­мақ­­қа инфрақұрылым тарту тым­ қиынға соғатынын алға тарт­ты. «Бұл норманы жою Үкiмет тарапынан қолдау тауып,­ Прези­дент­ Әк­iм­шi­лi­гiмен келi­сiл­ген», – дедi Қ.Отаров баян­да­ма­сын­да. ­

Оның айтуынша, Заң жобасына мұндай норманы ен­гi­­зу­ге жақында өткiзiлген же­ке­ тұр­ғын үй құрылысына бө­лiн­ген­ жер учаскелерiн тү­ген­­деу­ нә­ти­желерi де себеп бо­лып отыр. Жүргізілген жұ­мыс­тар­­дың­ қо­ры­тын­дысы бой­ын­ша, жерді пайдала­ныл­­ма­­ған немесе заңнамаға қайшы қол­да­­­ну­­дың 44 мың фактiсi анықталған. Бұл жалпы­ тек­се­рiлген учаскелердiң 40 пайы­зын­­ құрайды екен.

Мәжілістің талқылауына ұсы­­ныл­­ған заң жобасы тура­лы­ де­пу­тат­тар­дың пікірі екі­ге­ жа­рыл­ды. Кейбіреулері қол­да­са, енді бірі тегін жер те­лі­мін беруден бас тарту – аза­мат­тар­дың­ құқығына қол са­лу­мен бірдей екендігін алға тар­тады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =