Тегін үйретеді

0 61

Сарыарқа ауданы «Көктал-2» тұрғын алабында (Баршын-Қайнар көшелерінің қиылысында) салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне балаларды қабылдау басталды. Спорт нысанында балалар мен жасөспірімдер спортпен тегін айналысады.

f63a8edc682ec87c862ef4a5f7846b90

№7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне спорттың 8 түрінен балаларды қабылдайды:

Самбо – 11-14 жас

Греплинг – 14-15 жас

Каратэ-до – 7-9 жас

Кикбоксинг – 10-13 жас

Панкратион – 14-15 жас

Пауэрлифтинг – 15-18 жас

Армрестлинг – 12-18 жас

Таэквондо – 8-11 жас

Муай-тай – 8-9 жас

Джиу-джитсу – 8-11 жас

Жауапты нұсқаушы: Досымжан Бақытбек, тел: 8-775-890-67-25.

№5 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі балаларды спорттың 3 түрінен қабылдайды:

Гандбол – 7-11 жас

Волейбол – 9-12 жас

Баскетбол – 9-12 жас

Жауапты нұсқаушы: Берік Абдрахманов, тел: 8-701-830-85-85.

Оқытудың бірінші жылының бастапқы даярлық топтарын қалыптастыру осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Спорт мектебіне мынадай құжаттарды тапсырған жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады:

  1. Ата-аналар қол қойған өтініш;
  2. 037 формасындағы баланың медициналық картасы;
  3. Туу туралы куәлік (көшірмесі).

Жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінің ауданы 2634 шаршы метрді құрайды, нысан заманауи жабдықтармен жабдықталған және ойын, жаттығу залдарынан тұрады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені №5 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 9 =