ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

0 111

200-ден астам астаналық қан қысымын тегін өлшеу шарасына қатысты.

20160429085047

Өткен демалыс күндері «Mega Silk Way» сауда орталығында «Жоғары қан қысымынан қорған» акциясы өтті. Шарада Астана қаласы Салауат­ ты өмір салтын қалыптастыру ор­ талығы, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, республикалық ин­ сульт проблемалары бойынша үй­ лестіру орталығымен бірігіп, жоғары артериалды қан қысымының пайда болуы және оның салдары қандай болатынын тұрғындарға түсіндірді. Бұл жоғары қан қысымы мен одан туындайтын аурулардың алдын алу, адам баласының өз денсаулығын бақылауға машықтануды үйрету мақсатында ұйымдастырылды. Дәл сол күні қала тұрғындары мен қонақтары тегін тексерістен өтуге мүмкіндік алды. Артериалды қан қысымын өлшеп, қанның құра­ мындағы глюкоза мен холестериннің мөлшерін анықтады. Келушілер кардиолог, невропато­ лог, эндокринолог және нутрициолог дәрігерлердің кеңесін алды. Жұмыс аумағы бірнеше бөлікке бөлінді: ден­ саулық аумағы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және ақпараттық кеңес аумағы. Бұл жерде тұрғындар артериалды гипертония және оның асқынуына қатысты мәліметтерге қанық болды. Жалпы, шара бары­ сында 200-ден астам астаналық ден­ саулығын бір мәрте тексеріп алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 3 =