ТЕАТРДА БАЛЕТ ТАМАШАЛАДЫ

0 81

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында болып, «Дон Кихот»  балетін тамашалады.  

Ресейдің еңбек сіңірген артисі, Башқұртстанның халық артисі Ш.Тереғұловтың жетекшілігімен өткен қойылымның басты рөлдерін еліміздің белгілі бишілері М.Басбаева, Т.Гатауов, А.Оспанбаева, Б.Жанбурчиева, А.Рүстемова және басқалар орындады. Қойылым аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы балет труппасымен және театр ұжымымен әңгіме өткізді.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − three =