Театр оркестрінің мерейлі сәті

0 23

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының оркестрі Стокгольм қаласында (Швеция Корольдігі) Online өткізілген I халықаралық көп жанрлы орындаушылық өнер және көркем шығармашылық «AURORA» конкурс-фестиваліне қатысып, Гран-при жоғары атағына («Балбырауын», «Қыс») және бірінші дәрежелі лауреат атағына («Billie jean», » Puttin’ on the ritz») ие болды.Фестивальге Ресей, Қазақстан, Норвегия, Дания, Италия, Финляндия, Исландия, Литва, Беларусь, Татарстан, Башқұртстан және т.б. елдерден 2 мыңнан астам өнерпаз қатысты.
Фестиваль жақын және алыс елдермен мәдени байланыстарын дамыту және нығайту, мәдени алмасуды жандандыру, шығармашылық атмосфера құру, фестиваль қатысушыларының онлайн-форматта сөйлесуі, шығармашылық жұмыс арқылы ұжым басшыларының кәсіби дең­гейін арттыру, қашықтан оқыту форматында тәжірибе алмасу, музыкалық продюсерлерді, концерттер мен фестивальдерді ұйымдастырушыларды, ұжымдармен одан әрі байланыс орнату (гастрольдерді ұйымдастыру және гас­трольге қатысу үшін шетелдік фестивальдер), онлайн-форматта өзара әрекеттесу, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау және т.б. мақсаттарда өткізілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − 9 =