Театр елордамен бірге көркейді

0 95

Гүлжан ӘСПЕТОВА, Қазақстанның Халық әртісі

Елбасының арнайы шақыртуымен 1999 жылы Астанаға Әзекең – Әзірбайжан Мәмбетов келді. Театр­ әлемінде аты аңызға айналған тарлан режиссер­ жайдан-жай шақыртылмаған еді. Мұндағы мақсат – енді ғана елорда атанған жас шаһардың қазақ драма театрын елордалық мәртебеге  көтеру болатын. Әзекеңнің қолқалауымен мен де алғашқылардың бірі болып­  бас қалаға қоныс аудардым.

Әрине, жүрегіме тым жақын әкем­театр­ды­ қиып, тастап кету оңай­ бол­ған жоқ. Алғашында Әзекең­нің Астанаға бару жөнін­де­гі ұсы­ны­сына онша мән бере қойған жоқпын. Қазақ өнерінің қара­ша­ңырағы – М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрынан кету үш ұйықтасам, түсіме кірген емес. Өйткені менің шығармашылығымды уыз күйінен шыңдап, актриса ретіндегі бітім-бол­мы­сым­ды қалыптастырған осы әкем­театр­ болатын. Азды-көпті атақ-даңқымды да осы өнер шаңы­ра­ғында жүргенде алдым. Көңіліме жақын рөлдерді де осы театрдан таптым. Міне, өмірімде осындай үлкен орны бар қарашаңырақтан қол үзу мен үшін қиынға соқты. Бірақ менің өнердегі тұсауымды кесіп, оқу орнын бітірісімен өзі сол кезде жетекшілік ететін Әуезов театрына алып келген Әзағаның сөзін жерге қалдырмай, 1999 жыл­дың­ күзінде елордаға келдім.

Алматыдан алып-ұшып Астанаға келгенде алғашында көңілім құла­зып­ қалғаны рас. Жұпыны ғана қаланың күзгі қара суығы мен ой­дым­-ойдым жолдары, тар көше­ле­рі, жерге кірердей болған шым үйлері «мына қала қалай еліміздің бас ордасы болмақ?» деген күдікті ойды еріксіз есімізге алғызды.

Біз келгенде тәуелсіздікпен құр­дас­ қазақ драма театрының да жағ­дайы онша емес-тін. Театр­дың­ не­гі­зін­ қалаған Жақып Омар­ұлы қай­тыс болған кез. Өнер ошағы етек-жеңін жинап, күрделі жөндеуден өтіп, енді ғана шығармашылықты өркендетуге ден қоя бастағанда, Жақаңнан кейін театр тізгінін алған Қадыр Жетпісбаев та дүние­ден­ озған қиын кезең еді.
Әзекең келгеннен кейін бірден іске кірісті. Оның келуімен театр жаңа көркемдік белеске көтерілді. Материалдық-техникалық ахуалы­ оңала бастады. Жан-жақтан талантты әртістер шақырылып, мәр­те­бесі биіктей түсті. Театр репер­туа­ры У.Шекспир, А.Чехов сын­ды әлем клас­сик­терінің шығар­ма­ла­рымен толықты. Дәл сол кез­де шы­ғар­ма­шы­лық жолын Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» қойы­лы­мы­мен бас-тап, бұдан кейін «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасын сахналады. Т.Ахтановтың «Жоғалған дос»­ спек­так­­лін шығарды. Қыс­қа­сы, елорда теа­трын­да және актер­лар­дың ойнау мәне­рін­де жаңа­шыл­дық леп пайда болды. Таптаурын болған ескі режис­сер­лік шешім­дер­ жойыла­ бастады. Өзім де театр­дың өркендеуіне өзіндік үлесімді қосып, кейінгі толқын жастарға ақылым жеткенше жол көрсетіп, білгенімді үйретуді парызым санадым. Аз уақыттың ішінде театр Астанамен бірге көркейіп, қазақ­тың өнерін бағалай білетін көрер­мен­дердің көзайымына айналды.

Бүгінде Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры­ – акаде­мия­лық мәр­те­бе­сі бар үлкен өнер ордасы. Актер­лар­дың жала­қы­сымен бірге шығар­ма­шы­лық­ әлемі де өсе түскендей.

Өнер ұжымының ендігі арманы – үлкен ғимаратқа қол жеткізу. Кең сахнаның мүмкіндігі де шексіз болады. Ал тар кеңістік пен сахна кейде режиссер мен әртістердің ойнау, ойлау қабілетін шектейтіндей сезі­леді.

Әрине, бұл алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе деп ойлаймын. Ең бастысы, ұлтымыздың ұясы болған Астананың мерейі өсіп, болашағы сәулелі болсын. Бүгінгі Астана – күні кешегі жұпыны шағын­ қа­ла болғанына тіптен сен­гің­ кел­мей­ді. Ен дала болған Есілдің сол жаға­лау­ы­ның өзі адам таны­­мас­­тай көркейді. Ендеше, қар­қын­­ды дамыған бас шаһардың қанаты талмай, биікке самғай берсін дейміз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =