Тәжірибе алмасып тарқасты

0 96

Қалалық әкімдіктің салалық басқармаларының үкіметтік емес ұйымдармен өзара қызмет етудің әдісі мен формасын талқылау мақсатында сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Шараға Ішкі саясат басқармасы мен «Астана – үкіметтік емес ұйымдарды қолдау орталығы» қоры ұйытқы болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-әрекетінің тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы әлеуметтік серіктестік тетігін әзірлеу.

ҮЕҰ жетекшілері мен мемлекеттік органдардың басшылары бір үстелге отырып, бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін талқылады. Бұдан бөлек, азаматтық қоғам қалыптастыру жолында бірнеше жыл бойы еңбектеніп жүрген ұйымдардың жетекшілері қатарға жаңадан қосылған ұйымдармен тәжірибе бөлісті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + eight =