Тазалықшылар дайындығымен танысты

0 158

Өткен сенбі күні Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын аудан аумағының таза­лығына жауапты мердігер ұйымдардың қыс мерзіміне дайындығымен танысты.

Алдағы қыста техника күшімен және қолмен атқарылатын, сондай-ақ, ішкі орамдарды жинау жұмыстарына 43 мердігер тартылып, 391 техника мен 650 жұмыскер ауданның санитарлық жағдайына жауапты болмақ. Тарқатып айтар болсақ, 23 мер­дігер жалпы аумағы 5,5 млн шаршы метрді құ­рай­тын 195 көшені қолмен жинайды. Олардың арасында 100 пайыз мемлекеттің үлесіндегі «Астана Тазалық» пен «Астана Көгалдандыру құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Ал, 13,5 млн шаршы метрлік ішкі орамдарды жинауға 15 мердігер жұмылдырылады.


Қаз-қатар тізіліп тұрған техниканы қарап шығып, жұмысшыларды сөзге тартқан аудан басшысы көргеніне оң бағасын берді. «Кеше алғашқы қар жауып, қыстың келгенін хабарлағандай болды. Сондықтан мердігер ұйымдардың қысқа дайын­дығын пысықтайық деп жинап отырмыз. Осы жерде 144 техниканы қарап, жұмыскерлердің жылы киіммен, қажет құралдармен қамтамасыз етілгеніне көз жеткіздік. Дайындық ойдағыдай деп айтуға болады» деді ол.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × two =