Тазалық сақшылары сапта

0 33

Әдетте көпшілік байқай бермегенімен қаланың үздіксіз тіршілігін қамтамасыз етуде коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегі ерен. Әсіресе алыс-жақын шетелден, республиканың түкпір-түкпірінен қызмет бабымен, саяхаттап кісі көп келетін елорданың тазалығын сақтауда аталған сала мамандарына үлкен жауапкершілік артылған.

убирает мусор Зауреш 7бочек 16,09.00_00_05_16.Still001
убирает мусор Зауреш 7бочек 16,09.00_00_46_06.Still002
убирает мусор Зауреш 7бочек 16,09.00_00_55_09.Still003
убирает мусор Зауреш 7бочек 16,09.00_00_58_19.Still005
убирает мусор Зауреш 7бочек 16,09.00_01_04_03.Still006
убирает мусор Зауреш 7бочек 16,09.00_01_06_06.Still007
убирает мусор Зауреш 7бочек 16,09.00_01_11_03.Still008
убирает мусор Зауреш 7бочек 16,09.00_01_25_06.Still009
убирает мусор Зауреш 7бочек 16,09.00_01_27_03.Still010
previous arrow
next arrow

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Зәуреш Серікова 2014 жылдың сәуір айынан бастап «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жол жұмысшысы болып еңбек етеді. Жаздың миы қайнатар ыстығында, қыс­тың үскірік аязында қызметін қалтқысыз атқарып жүрген ол қала тұрғындарын мейлінше тазалық сақтауға шақырады.
– Біздің жұмыс таңғы 7-де басталады. Содан кешкі 5-ке дейін қала көшелерін сыпырып, жол бойындағы қоқыстарды жинаумен айналысамыз. Жаз айларында таңғы 6:00-ден басталып, 15:00-ге дейін жалғасатын және таңғы 8:00-ден 17:00-ге дейін жалғасатын екі ауысым бойынша жұмыс істейміз.

Ал қыста бір ауысымға шығамыз. Бұл кезде жұмыс күні таңғы 6:00-ден басталып, кешкі 17:00 дейін жалғасады. Әрине, осындай еңбектің еш болмауы үшін қала тұрғындары мен қонақтарын мейлінше тазалық сақтауға шақырамыз. Қаламыздың тазалығы – біздің негізгі міндетіміз. Әйтсе де, бұл істе әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігіміз сыналатынын ұмытпайық, – дейді З.Серікова.
Әріптестерімен елорданы ең таза қалалардың қатарына қосу жолында қызмет етіп жүрген Зәуреш Серікованың бұл пайымы көңілге қонады. Сондықтан әрбір елордалық тазалықты мұқият сақтауға атсалысқаны абзал.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + three =