Тазалау жұмыстары қарқын алды

0 25

Елордада көктемгі тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Ауқымды жұмыстарға 1900 коммуналдық қызметкер мен 650 арнайы техника жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру күн сайын және түнгі ауысымда да жүргізіледі.– Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша қалада санитарлық тазалау жұмыстары күшейтілді. Мобильді топтар құрылыс учаскелерінде де аралау жұмыстарын жүргізуде. Себебі құрылыс нысандарында абаттандыру ережелерін бұзу фактілері бар. Бұл аумақта арнайы техника дөңгелектерін жуу пункттерінің ашылмағаны, алаңішілік өтпе жолдардың қатты төсемесі қойылмағаны секілді бұзушылықтар бар. Құрылыс жұмыстары ескертулер жойылғанға дейін тоқтатылды, – деді қала әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков.
Ол қалада жол шұңқырларын тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, жақын арада көшелерді орташа және күрделі жөндеу басталатынын атап өтті. Қаланың ескі бөлігіне, тұрғын алаптарына назар аударылатын болады.
Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов сапасыз жол жұмыстары қабылданбайтынын, өз жұмысын сапасыз орындайтын мердігерлердің ісі сотқа беріліп, «қара тізімге» енгізілетінін айтқан еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + four =