Таяқ туралы «тәмсіл»

0 118

Бір ағамыз сәбет заманында гәйшник қыздар туралы мақала жазып, онысының тақырыбын «Ала таяқты арулар» деп қойыпты. Тәуелсіздік алғаннан кейін, дәл 8 наурыз қарсаңында соған ұқсас тағы бір мақала жазуына тура келеді. Тақырыбы – «Қызыл таяқты қыздар» (қолдағының қызылға ауысқан кезі ғой).

– Аға-ау, егер олардың ұстағаны қара болып шыға келсе, қандай тақырып қояр едіңіз, ә?- дейміз, біз де «құйысқанға қыстырылып». Сонда ағамыз еш қиналмастан:

– Ее, өйткен жағдайда, келесі мақаламның тақырыбы «Қара таяқты қатындар» болады да!- деп қойып қалды.

Қуанышқа орай, бертін келе біздің бикештердің көшеде мәшине тоқтатып тұрмайтыны абырой болды ғой. Әйтпесе, «ер кезегі үшке дейін» дегендей…

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + 12 =