Тәулігіне– 1200 қоңырау

0 13

Қай елде болса да қоғамдық тәртіпке жауап беретін полицияның қызметі қарбаласқа толы. Ал әлемді індет жайлаған осы кезде бұл қарбалас тіпті күшейгенге ұқсайды.Мысалы, Оңтүстік Калифорния тұрғындарынан түскен «көршім жөтеліп жатыр, маған вирус жұқтыруы мүмкін» деген қоңырауда дамыл болмаған. Ақырында ондағы ұлттық полиция азаматтарға «негізсіз» қоңырау шалмауға шақыратын мәлімдеме жасауға мәжбүр болыпты. Біздің елдің адамдары тап ондай беймаза емес, дегенмен елорданың Төтенше жағдай департаментінде де дағдарыс кезінде күш пен құралдарды басқару орталығының кеңсесіндегі 112 және 101 нөміріне тәулігіне 1000-1200 қоңырау қабылданады. Қалалық ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов соңғы күндері тұрғындардан карантин талаптарына байланысты сауал жиілегенін айтады. Қазіргі уақытта ауысымдағы құтқарушылар саны көбейіп, әдеттегі ауысым 20 пайызға көбейген. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің міндеті тек өрт сөндіріп, адам құтқару емес, осы індеттің алдын алу үшін халықты ақпараттандыруға да күш салады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + nine =