Тәуелсіздік ұрпағы

0 28

№2 Балалар көркемсурет мектебінде «Тәуелсіздік ұрпағы» атты балалар мен жасөспірімдер арасында үздік арт-нысандар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – Қазақстан мен шетелдердің көркемөнер колледждері мен мектептерінің дарынды тәрбиеленушілерін анықтау. Байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және педагог-суретшілердің халықаралық одағы ұйымдастырды. Өнер жарысына 10 жастан 18 жасқа дейінгі көркемөнерге қызығушы балалар қатысты. Балалар «Менің балалық шағымның армандары», «Менің халқымның аңыздары мен ертегілері», «Менің елім – менің әлемім» деген тақырыптарда жұмыстарын жіберді. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздар тізімі 18 маусым күні dhsh.kz, art-teachers.kz сайттарында жарияланады.

Сая МҰРАТҚЫЗЫ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × four =