ТӘУЕЛСІЗДІК – САЯСИ ҚАДАМДАР БАСТАУЫ

0 210

12

Тәуелсіздік туралы Конституциялық заң қабылданып, мемлекеттік рәміздердің дүниеге келгені, көк байрағымыздың желбірегені – ең басты құндылық. Дүние жүзіне танымал беделді мемлекет атанып, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын еншілеген Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 22 жыл. Осы уақыт ішінде еліміздің экономикасы дамып, әлеуметтік жағдайы нығайып, елдің еңсесі көтерілді. Өшкеніміз жанып, жоғымыз түгенделді. Барлық салада байыпты реформалар жүргізілді.

 

Қазақстан үшін қиын дағдарыс кезеңінде, халықтың қоғамдық  санасын ояту мақсатында, алдымызға  қойылған міндеттерді шешу үшін,  жаңғырту енгізуге  тиіс едік.   Елбасы мойнына үлкен бір жауапкершілік алып, батыл  қадам  бастап осы «Қазақстан – 2030» Стратегиясын  белгілеген  болатын.Бұл  құжат стратегиялық мақсаттар  мен  міндеттерді  пайымдаған,  көзқарасымыздағы маңызды  серпіліс  болды. Елбасының бұл  қадамына, «Бұл не – насихатпа? Әлде  аспаннан  түскен нәрсе ме?» деп  сауал  қойып  қарсы  шыққандар да  болды. Сол  кезде алға  қойған  міндеттер соншалықты  асқақ болып  көрінетін. Дегенмен, Елбасы өз  халқымен  бірге дұрыс таңдау  жасағанын, қуатты  да  табысты мемлекет  тәуелсіз  Қазақстанды құрғанымыз  туралы абыроймен айтып  өтті.

Президент  Н.Ә. Назарбаевтың берік  ұстанған, салмақты  саясатының арқасында, еліміз  осы  аз  жылдың  ішінде еңсесін тіктеген, тәуелсіз де, салтанаты  жарасқан қаласы  бар, байтағы  ұшан-теңіз  даласы бар, саяси  тұрақтылығы  бірлігі мен ынтымағы  жарасқан дүние  жүзіне  танымал  мемлекетке  айналды.  Елдің  жаңа елордасы Астана  салынды. Бұл заманауи қала біздің  бойтұмарымызбен мақтанышымызға  айналып, еліміздің  мүмкүндігін әлемге  көрсету үшін  оның  әлеуетін пайдалана  алдық. Дәл сол  себептен де халықаралық  қауымдастық Қазақстанды ЭКСПО-2017  Халықаралық көрмесін  өткізу орны  ретінде таңдады.

Біз «алдымен экономика содан соң саясат» деген айқын  формуламен ілгерілеп келеміз. Стратегия-2030  қабылданғаннан  бері 15  жыл  ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. 2012 жылдың  қорытындысы  бойынша ішкі  жалпы  өнімнің ( ІЖӨ ) көлемі  жағынан біз  әлемнің 50 ірі  экономикасының қатарына  кіреміз. Алға  қойған мақсаттарға дәйекті  де  табанды түрде қадам басуымыздың  арқасында, 2008-2009 жылдардағы  жаһандық  дағдарыстың  өзінде  ұлттық  экономикамыз өсуін  жалғастырды. Нәтижесінде, ұлттық  экономиканың  көлемі 1997  жылғы 1,7 триллион  теңгеден 2011  жылы 28  триллион теңгеге  өсті. Елдің  ІЖӨ 16  еседен  өсті. 1999 жылдан  бастап  Қазақстанның  ІЖӨ-нің  жыл  сайынғы өсуі  7,6%-ті құрап, алдыңғы  қатарлы  елдерді  басып  озды.

 Ұлттық  кауіпсіздік аясында да жоспарланған  меже  де асыра  орындалды. Мемлекетіміздің халықаралық  дәрежеде танылған  нақты шекарасы белгіленіп, 14 мың шақырым мемлекеттік  шекара межеленді.  

 Елбасы өз  жолдауында, 2050 жылдарға дейінгі айқын анықталған міндеттер  мен  мақсаттарымызды ғана  емес,  алдағы   кездесетін қиыншылықтар, келелі мәселелерге қарсы қарсы сын  ескертпелерді де  дәләлдеп беріп  отыр. Осы сын  қатерлерді  лайықты  қабылдау  үшін 2030 Стратегиясының  аясы  жеткілікті  еместігі айқындалып, жоспарлауымызды кеңейтіп, бұрынғыдай дүниетанымдық серпіліс  жасауымыз  керектігі  айтылды. Осыған орай, Президентіміздің тапсырмасы  бойынша құрылған жұмыс тобының талдау жұмыстарын ескере отырып,  ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын жасау ұсынылып, оның ішінде 2030 Стратегиясының міндеттерін орындау жалғасын табады.

Еліміздің келелі бастауларына тоқталатын  болсақ, ол  әрине Елбасының  бастауымен көрініс  тауып  отырған тарихи оқиғалардың бірі- Ресей, Беларусь, Қазақстан  мемлекеттер арасындағы  Кедендік Одақтың  құрылуы. Қазақстан  Республикасындағы Кеден  ісі  туралы Кеден  кодексі Кеден  Одағының Кеден  кодексіне сәйкестендіріліп, соған  сай ұлттық заңнамаларымыздың әзірленуі – атылмыш  саладағы атқарылып  жатқан тың бастамалар болып  саналады.  

Бірыңғай  кеден  аймағын  құру – Кедендік  одақ  шеңберінде бірыңғай  тарифтік  жүйені және  тарифке  жатпайтын  реттеулерді іске  қосып, мемлекеттер  арасындағы  шекараларда мемлекеттік  бақылаулардың  барлық  түрлерін  алып  тастау – Кеден  одағына  енетін  мемлекеттер  үшін де,  сондай-ақ  Кеден  одағынан  тысқары  мемлекеттер  үшін  де  тауар  айналымын  жеңілдетіп,  тауар  тарататын  сауда орындарының ауқымын кеңейтуге және  тауарлы өндірістің  қосымша  шығындарын азайтуға жол  ашатын ең  оңтайлы  қадам.

                                                                                                                                                                                   Зархан ӨМЕШОВ,

Астана қаласы  бойынша

Кедендік бақылау департаментінің маманы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 10 =