ТӘУЕЛСІЗДІК ҚОЙНАУЫНАН СЫР ТАРТҚАН

0 102

обесп

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ауыртпалықтар Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатын да айналып өткен жоқ. Әйтсе де, болашаққа деген сенім мен өз мамандығын қадірлей білушілік өтпелі қиындықтарды жеңе білді. Қазақстанның жас астанасының тарихи рөлін айқындауда Ақмола қаласы әкімдігінің 1995 жылғы 23 қарашадағы шешімімен дербес Мемлекеттік мұрағаттың құрылуы ортақ іске сенімді серпін берді. Аталған шешім жарық көргенде, мұрағаттың өз мекенжайы да болмағандығын бүгінде біреу біліп, біреу білмейді.

Егемендік жылдарымен қатар қадам бас­қан Мұрағат жалпы көлемі 1 мың шар­шы метрден астам аумақ­ты алып жатқан төрт қабатты дербес мекенжайда қоныс теуіп отыр. Оның алғашқы қабатында оқу залы, ал екін­ші­сін­де арнайы жабдықталған тұрақты көрме жұмыс істейді. Оларды жарақтандыруда осы заман­ғы тех­ни­ка­лық мүмкіндіктерді енгізуге ерек­ше басым­ды­лық берілген. Ал мекенжайдың үшін­ші және төртінші қабаттары – қаланың Сары­ар­қа ауданына қарайтын ұжымдардан түскен құжат­тар­ды сақтайтын қоймалар. Мемлекеттік мұрағаттың Алматы, Есіл аудан­дарының жеке құрам бөлімдері қаланың Пригородный кентіндегі екі қабатты бөлек мекен­-жайда отыр. Мұрағаттың екі ғимаратына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оларға құны 60 миллион теңге болатын авто­мат­тан­ды­рыл­ған газды өрт сөндіргіш пен дербес дабыл қон­дыр­ғылары орнатылды. Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты мен­шік түріне қарамастан қала аумағында орна­лас­қан кәсіпорындар мен ұйымдарды жинақ­тал­ған мұрағаттық құжаттардың есебін жүргізу, мем­ле­кеттік сақтауға алу, қойма көздерін толық­­­тыру мен оларды қалың көпшіліктің игі­лі­гіне ай­нал­дыру жұмыстарымен айналысады. Бұ­лар­ мұ­рағат қызметінің негізгі басым бағыт­­та­ры­ның бірі болып табылады. Сала жұмы­сын са­паның жаңа деңгейге көтеруге ағым­дағы жылы қолданыста жүргендігіне 15 жыл­дың жүзі толғандығы атап өтілген Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңында өз көрінісін тапқан айқын тұжы­рым­дар айтарлықтай көмектесе білді. Елімізде алғаш рет аталып өткен ҚР Тұңғыш Президенті күнінің де көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі таңда алға ұстанып отырған көп қырлы, сындарлы саясаты да тарихи құндылықтарды қоғамның негізгі қозғаушы күші, болашағымыздың барлаушысы болып табылатын жас ұрпақ бойына терең сіңіру мұратымен тығыз үндестік таба білуі де, біздер үшін аса сүйінішті. Қала әкімдігінің, Мұрағаттар және құжат­та­ма­лар басқармасының күнделікті қолдау-көме­гіне сүйенген мемлекеттік мұрағат ел тәуел­сіз­дігімен бірге қадам баса отырып, Астана қала­сының 15 жылдығына орай «Есте қалар және айтулы күндер» жылнамасын, «Арманды­ ақи­қат­қа ұш­тас­тырған» атты түрлі-түсті буклетті жұрт­шы­лыққа ұсынды. Оларға қала тарихына, оның өткені мен бүгініне байланысты маңызды дерек­тер топтастырылды. Бұлардың тарихты зер­де­леу­шілермен бірге, уақыттың айшықты өзгерісін білуге ұмтылушыларға да тигізер пайдасы зор болмақ. Ал ел тәуелсіздігіне арналған «Астана – кемел істердің алтын тұғыры», «Елі ерге сенген,­ ері елге сенген» атты көрмелер мұрағатқа келу­ші­лер­дің ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Оларда қала мен ел тарихына қатысты көптеген құнды деректер топтастырылды. Жыл өткен сайын қалалық Мемлекеттік мұра­­ғат­тың толымдау көздері саналатын меке­­ме­­лер­дің, кәсіпорындар мен ұйымдардың да­ қатары өсіп келеді. Бүгінде Мемлекеттік мұра­ғат мекемелер мен ұйымдардағы 250-дей ведомс­тво­лық мұрағатқа, сондай-ақ әлеуетті сенімді топ­тар санатындағы жүзге тарта ұжымға шын мәні­сін­де­гі бақылау жұмыстарын орнатып, екіжақты бай­ланыс арналарын кеңейте түсті. Мемлекеттік мұрағатта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу соңғы жылдары дағдыға айналды. Мұндай басқосуларда ел аймақтарынан, ТМД республикаларынан арнайы келетін сала мамандары мен ғалымдар мұрағат жұмысын дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды, ой-тәжірибелерін ортаға салады. Мәселен, ағымдағы жылдың маусым айында өткен осындай конференцияда тәуелсіздік жылдарында қол жеткен табыстар, тарихты зерделей түсудің кешенді мәселелері ортаға түсті. Мемлекеттік мұрағатта соңғы бір-екі жылдың бедерінде «Тәулсіздік – Мұрағат қойнауында» атты байқау өткізу де қолға алынды. Тәжірибе көрсеткеніндей, оның тағылымдық та танымдық мәні айқын байқалады. Түрлі сала мамандары ел тарихына қатысты құжаттарды іздеп-табумен бірге, тәуелсіздікке қатысты өз пайымдаулары мен топшылауларын да аса бір құлшыныспен көп назарына ұсынды. Осы арқылы біз жұртшылыққа беймәлім болып келген жекелеген тарихи құнды­лық­тарды іздеп-табуға қол жеткіздік. Кәрі құлақ тарих үшін қамшының сабындай ғана қысқа мерзімде, яғни тәуелсіздіктің 22 жылында еліміз небір биік белестерді бағындырып, асқаралы асуларды алды. Бауыры бүтін, бірлі­гі­мен елдігін еңселендіріп, ерлігін еселеді. Бүгін­де жердің киесі, елдің иесі кім екендігін айдай әлем біледі. Білгендіктен де болар, оны Батыс пен Шығыстың арасындағы алтын көпір санап отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Бәрін де тарихтың сый-сыбағасы деуге болар, алайда­ жан-жүрегіңнің аңсары болған азаттықты еш­кім де сыйға тарта алмайды. Азаттық деге­ні­міз, бұл әлемдік тарих толқынында өзінің субъек­тілік құқығын сезінетін және оған жауап бере алатын халық болмысының жалғыз ғана үлгісі» деп айқын ашып көрсеткен еді. Осын­да айтылғанындай, сайын дала төсінде шаңы­рақ көтеріп, уығын шанышқан, ұлттық мем­ле­кеттіліктің бастауына байланған қазақ орда­сының екі жарым ғасырлық тарихи елдік мүдде үшін бүгілген саусақтай бірігіп, азаттық үшін аянбай айқасқан жаубасар ерліктің, дұшпан қарасын бастан асырмаған азаматтық ерліктің өнегелі баяны іспетті. Мемлекеттік мұрағат Астана қаласында өткі­зі­летін түрлі деңгейдегі бұқаралық шаралардан да әсте тыс қалып көрген емес. Соңғы жылдары ұжымда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүр­гі­зу­ге ерекше басымдық берілуде. «Құжатсыз – мұрағат, мұрағатсыз – тарих, ал тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ» деген қағидаға иек артқан Астана мұрағатшылары тәуелсіздік күнін осындай қол жеткен айтулы табыстармен қарсы алумен бірге, қала тарихын жазуда жаңа шектерден көріне беретін болады. Бұған аталмыш салада мол тәжірибе жинақтаған мамандардың қарым-қабілеттері толығынан жетеді.

Б.БАЙМАҒАНБЕТОВА,

Астана қаласы Мемлекеттік

мұрағатының директоры

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + eleven =