ТАТУЛЫҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ

0 125

DSC_4819

Қоғам өміріндегі маңызды уақиғалардың бірі – Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІ сессиясы өтті.

«Біз бейбітшілік пен руха­нияттың мәдениетін нығайтуға, толеранттық, сенім және өзара сыйласудың тарихи дәстүрлерін дамытуға негізделген адами және қоғамдық қарым-қатынастардың биік стандарттарын одан әрі дамытуымыз қажет!» деген ойдың маңыздылығын көкейге түйіп қайттық. Ассамблея құрылғалы бері оның сессияларында көптеген маңызды тақырыптар талқы­лан­ғаны белгілі. Мәселен, Елбасы оның мінберінен құқықтық реформаның басты басымдықтарын айқындап, қолданыстағы Ата заңның жобасын алғаш рет қоғам талқылауына ұсынғаны есімізде.
Менің ойыма 1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халқы ассам­блея­сының І сессиясы оралады. Онда баяндама жасаған Президент Н.Назарбаев «Мен еліміздің Президенті ретінде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді өзімнің басты міндетім деп санаймын» деп нақты айтқан болатын.
Міне, Елбасының саяси жігерінің арқасында Қазақстан тек этностық, діни қақтығыс­тар­дың алдын алып қана қоймай, мемлекеттің ұлттық саясат сала­сын­дағы реформаларын жүзеге асыра отырып, қарқынды даму жолына түсті.
Келісім мен бейбітшілік, тағат­ты­лық пен жарасымдылықтың қазақ­стан­дық үлгісі жаңа ғасырдың негіз­гі қағидасына айналуы біз үшін,­ әсі­ресе, майдангерлер үшін аса маңызды. Біз келер ұрпақтың бола­ша­ғы жарқын боларына сенімдіміз.

Моисей ГОЛЬДБЕРГ,
«Алеф» еврей мәдени-ағарту,
қоғамдық-саяси қоғамының төрағасы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + 17 =