ТАТУЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ

0 145

001

Салман ГЕРОЕВ, «Вайнах» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

БІРЛІГІМІЗДІҢ ІРГЕТАСЫ БЕРІК

Салман Героев– Украинаның қазіргі жағдайын Қазақ­станмен салыстырғанда жер мен көктей деп айтуға болады. Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мамыражай тірлік кешудеміз. Еліміздегі барлық этностар мен мемлекетқұраушы қазақ ұлты тату-тәтті өмір сүріп, бірдей құқықтарға ие болып келеді. Елбасы бәрін орын-орнына қойып отырады. Қазақстан халқының ассамблеясы да мемлекетіміздегі тең құқықтылықты қамтамасыз етіп, ұлттар достығына өз үлесін қосуда. Конфессияаралық қатынаста да ассамблеяның үлесі ерекше. Бір сөзбен айтқанда, қай жағынан алсақ та, әділдік салтанат құрған елміз. Аздаған тарихи кезеңнің ішінде Қазақстан саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жаңғырды. «Қазақстан жолы» аталатын елдің даму моделінің негізі салынып, көптеген елдерге үлгі бола білді. Бұл модельді басқа елдердің мойындаудан басқа лажы қалмады. Қазіргі Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясы да мемлекетіміздің зор болашағын көрсетеді. Украинадағы жағдайды саралап көрсек, Виктор Янукович елді басқарған төрт жыл ішінде отбасының ғана қамын ойлап, ондаған, жүздеген миллиард долларды қалтасына салды. Осыдан кейін кедейліктің шегіне жеткен халық бас көтермей қайтсін?! Ал, бізде ондайға жеткен жоқ. Жете қой­майды да деп ойлаймын. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Елбасы сая­сатын қолдаушы бір адам ретінде оған толық сенімдімін.

Тамара ШИРМЕР, украиндардың «Оберег» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

ЕРТЕҢІНЕ СЕНГЕН ЕЛМІЗ

53feb67fe10023f527da901a2bd6361a– Соңғы кезде әлемнің әр түрлі елдерінде қо­ғамдық тұрақтылықтың таразысы теңселіп, түрлі қақтығыстар орын алуда. Оның соңы белгілі бір елдегі экономикалық-әлеуметтік қайшылықтарға алып келіп жатыр. Мұндай келеңсіз оқиға белең алған жерде орнықты даму мен гүлденуге бастайтын асыл мұ­раттарды кері шегіндіріп, қарапайым халықтың қауіпсіздігі мұң болатынына  көзіміз жетіп отыр.

Осындай қақтығыстар талай ха­лық­тың баласына пана болған қазақ жерін айналып өткеніне қуана­мын. Бұл – бар­лығымызды бір мүдде, бір мақсатқа жұ­мыл­дыра білген Елбасының сарабдал сая­сатының нәтижесі.

Барлық азаматтардың тең құқықтығы мен олардың қоғам алдындағы жауап­кер­шілігі бізді жарқын болашаққа бастайды. Бағ­дарымыз айқын. Президентіміз Қазақ­стан халқына биылғы жылғы Жолдауында «Тәуел­сіз­дікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру қиын», «біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз» деген еді. Ертеңіне сеніммен қарайтын кемелді елдің әрбір азаматы Елбасының осы сөздерін жадында сақтауы тиіс. Биік жасампаздық рухы бар халықтың алға қойған биік асулары бар. Қазақстан халқы осы жолынан еш танбайды деп ойлаймын.

Игорь БЕРГ, «Возрождение» неміс этно-мәдени орталығының жетекшісі:

ЫНТЫМАҚ ЫРЫСЫ

Берг– Украинаның қазіргі жағдайын Қазақ­станмен салыстырғанда жер мен көктей деп айтуға болады. Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мамыражай тірлік кешудеміз. Еліміздегі барлық этностар мен мемлекетқұраушы қазақ ұлты тату-тәтті өмір сүріп, бірдей құқықтарға ие болып келеді. Елбасы бәрін орын-орнына қойып отырады. Қазақстан халқының ассамблеясы да мемлекетіміздегі тең құқықтылықты қамтамасыз етіп, ұлттар достығына өз үлесін қосуда. Конфессияаралық қатынаста да ассамблеяның үлесі ерекше. Бір сөзбен айтқанда, қай жағынан алсақ та, әділдік салтанат құрған елміз. Аздаған тарихи кезеңнің ішінде Қазақстан саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жаңғырды. «Қазақстан жолы» аталатын елдің даму моделінің негізі салынып, көптеген елдерге үлгі бола білді. Бұл модельді басқа елдердің мойындаудан басқа лажы қалмады. Қазіргі Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясы да мемлекетіміздің зор болашағын көрсетеді. Украинадағы жағдайды саралап көрсек, Виктор Янукович елді басқарған төрт жыл ішінде отбасының ғана қамын ойлап, ондаған, жүздеген миллиард долларды қалтасына салды. Осыдан кейін кедейліктің шегіне жеткен халық бас көтермей қайтсін?! Ал, бізде ондайға жеткен жоқ. Жете қой­майды да деп ойлаймын. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Елбасы сая­сатын қолдаушы бір адам ретінде оған толық сенімдімін.

Александра Романова, «Белорус» мәдени орталығының жетекшісі:

БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ БЕРЕКЕСІ

Александра Романова– Белорус ұлты да наурыз айының 20-жұлдызынан «Гокание весны» деп көктемгі жаңғыру, көктеу сәтін  мерекемен қарсы аламыз. Онымен қоса, 24 наурызда  аюдың ұйқыдан оянатын кезі деп «Комоедица» мейрамын  және атап өтеміз. Бұл күні шомырдан сорпа-суын, бұршақ тектес дәнді дақылдардан жентік тағам дайындап, тоя ішеміз. Сосын жерге жата қалып әрлі-берлі домаланып, ырғалып, ыңыранып қалың ұйқыдан көзін тырнап ашқан аюдың ырымын жасаймыз. Міне, бұл  түріміз басқа болғанмен, түркі халықтарына ортақ Наурыз мерекесі сипаты жағынан бізге де бөтен емес екенін көрсетеді.

Құдайға мың да бір шүкіршілік, Қазақстанды мекен еткен белорус диаспорасы мәдени бірлестіктер құру арқылы салт-дәстүрімізді, тілімізді көздің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпаққа насихаттап келеміз.  Ассамблея аясында бізге кеңшілік бергенін туысқандарымыз сезеді әрі осы бейбіт қатар өмір сүрген елден ешқайда ірге ажыратқысы жоқ. Олай дейтін себебім, Украинадағы бүлік, сиырдың бүйрегіндей бөлек-салақ күй кешіп, империялық пиғылдардың ортасында қалған Қырым түбегіндегі жәйт Украинада о бастан ассамблея сияқты қоғамдық институттың болмағанын, халықты бірлікке шақыратын саясаттың орнықпағанын білдіреді. Төмен экономикаға, ауыр тұрмысқа, жұмыссыздыққа шыдамай шеруге шыққан қарапайым халықтың шынайы қарсылығын билікқұмар топ кілт жаратып кеткендей болады да тұрады. Бұл бізге үлкен сабақ болды. Тыныштық, бейбіт өмір – бәрінен жоғары.

Әскер ПИРИЕВ, «Ахыска» түрік мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

ҚАЗАҚ-ТҮРІК БІР ТУҒАН

аскер– Татулық пен бірліктің мерекесі – Наурыз жақындап келеді. Әз наурыздың аясында барлық ұлт өкілдерінің басы қосылады. «Қазақ-түрік бір туған» демекші, өз орталығымызда мерекені тиісті деңгейде атап өттік. Бүгінде біздің еліміз тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осы жетістіктерімізге еліміздегі ұлтаралық татулықтың арқасында жетіп отырмыз. Өзге елдерде ұлт­аралық ынтымаққа біздегідей көңіл бөлінбейді. Біздің басты байлығымыз ішкі татулық екенін Елбасы бір сөзінде атап өткен болатын. Жер бетінің түкпір-түкпірінде ұлтаралық қақтығыстар болып жат­қанда біздің көздің қарашығындай сақтайтын зор жетістігіміз осы.

Оған қоса, Елбасы биылғы Жолдауында Қазақстан халқы Ассамблеясы алдына үлкен міндеттер қойды. Халыққа «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл тұжырымдамада Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары қам­тылған. Оны жүзеге асыру үшін елде тұрақтылық пен ұлтаралық татулықтың болуы зор маңызға ие.

Бұл өзге мемлекеттерге де үлгі болары сөзсіз.  Бізде әр ұлттың өз тілін, мәдениетін, дәстүрлерін дамытуға барлық жағдай жасалып отыр. Біз қай ұлттың өкілі болғанымызға қарамастан, Елбасы бастамасына қолдау көрсетіп, отанымыздың мәңгілік ел болуы үшін еңбек етуге тиіспіз. 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × one =