ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰТАСТЫҚ

0 156

564

Мамыр айы мамыражай мейрамға толы. Табиғат-­ана да ерекше жасанып, құлпырып кетеді. Бәйшешектер бүр жарып, ағаштар көгере бастайды. Айтулы мереке елімізде 1996 жылдан бері тойланады. Бірлігі бекем елдің келешегі жарқын. Елбасы да үнемі өз сөзінде татулықты үлгі етіп сөйлейді. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп бабаларымыз да бекер айтпаған. Қазақстан деген киелі шаңырақтың астында сан түрлі ұлт достықтың байрағын желбіретіп, тату-тәтті өмір сүруде. Адамға бейбітшіліктен артық бақыт жоқ.erm_2105

Алаңға жиналған жұрттың қарасы көп. Бәрі де мерекелік көңіл-күйге бөленген. Әсіресе, балғындардың қуанышында шек жоқ. Бір-бір шар ұстап, бейбітшілікті насихаттап жүргендей көрінді көз алдымызға. Шара барысында елордадағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері мейрамның көрігін қыздырды. Сахнада сан түрлі халықтың әндері шырқалды. Ұлттық билері орындалды. Алматыдан әдейі келген «Алашұлы» тобының жігіттері жалынды әндерін төгілдірді. Тағы да басқа танымал өнерпаздар өнер көрсетті. Мерекелік концерт кешке дейін созылды. Жиналғандар әдемі әсерге бөленді. Астанада тұратын этнос өкілдері 50 метрлік қайырымдылық дастарқан жайды.

243241

Онда сан алуан ұлттардың тағамдары қойылды. Бағасы да қымбат емес. Қайырымдылық шарадан түскен қаражатты қатерлі ісік ауруына шалдыққан алты жасар Айымжан Досжанның ем-домына аударады.

23213yo

Одан біз де ауыз тидік. Дастарқан шетінде тұрған қырғыздың айыр қалпағын киген қарияны сөзге тарттық. Есімі – Бейсенбек Шәршенов.

5678

«Мен қазақпын. Бірақ Қырғызстанда туып, ержеттім. Отаныма оралғаныма 15 жыл болды. Мектепте ұстаз болдым. Қырғыз мәдени орталығындағы жексенбілік мектепте дәріс оқимын, қырғыз тілінен сабақ беремін. Бүгінгі мерекемен барлық ағайынды құттықтаймын» дейді ақсақал ақжарылқап пейілмен. Астанадағы Әзербайжан ұлттық мәдени орталығының төрағасы Видади Салахов та қуаныштан шет қалмады.

1231

«Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Қазіргі таңда елордада 5 мың әзербайжан тұрады. Жалпы, елімізде 130 мың әзербайжан бар. 1937 жылы Армениядан 90 мың әзербайжан жер аударылды. Сол кезде қазақ халқы бізді бауыр­ға басып, қолдау көрсетті. Бейнелеп айтқанда, өзі қиналып отырса да, жарты тілім нанын бөліп берді. Біз оны ұмытпаймыз. Құдайға шүкір, сол қиындықтың бәрі өтті. Елбасымыз аман болсын! Еліміздің бірлігі арта берсін!» дейді академик ізгі лебізін білдіріп.

654

Шара аясында ұлттық ойындар бәсекесі қызды. Күштері тасып, атойлаған жігіттердің намысы қозды. Асық ату сайысында ересектер мен балалар сақаны шыр үйіріп, нысана көздеді. Қазақ күресінің жалауы желбіреп, балуандар күш сынасты. Арқан тартыс ойынын қала басшысы Әсет Исекешевтің өзі тамашалады. Қысқасы, жұртшылық мерекелік қуанышқа бөленді.

213

Осындай бірлік мейрамын ұлықтаған мерекелік шаралар елорда әкімдігінің алдындағы орталық алаңда да салтанат құрды.

12yo

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + 12 =