Татулық мекені

0 83

Бір кездері қуғын-сүргіннің ал­ғашқы толқыны қазақ жеріне түрлі ұлт өкілдерін әкелді, олардың ешқайсысы өздерін бөтен адамдай сезінген жоқ. Олар қазақ даласының құнарлы топырағына еніп, қазақ елінің тумасына айналып отыр.
Тек зардап шеккен адам жақынның ауырсынуын түсінуі мүмкін деп бекер айтылмаған. Сондықтан да, Қазақстан өзге елдің қайғысына ортақтасты.
Қазір қонақжай бейбіт қазақстандық аспан астында үлкен және тату отбасы тұрады: қазақтар, өзбектер, орыстар, татарлар, ингуштар, чечендер, поляктар, украиндар, неміс­тер. Достық, келісім туралы барлық сөздер Елбасымыздың сарабдал сая­сатында айқындалады. Күн сайын қазақ дос­тарыммен сөйлесіп, олардың дәстүрлері, халық әндері, мәдениеті туралы көп нәрсені білемін.
Мен осы адамдармен рухани жақын­дықты сезінемін, мен тарихтың қиын жылдарында өмір сүріп қана қоймай, сонымен бірге өзіндік ерек­шеліктерін, мәдениетін жоғалт­пайтын, барлық басқа халықтармен жақсы көрші және дос бола алатын қазақтарды құрметтеймін.

Шахиста ОКТАМОВА,
Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің

2-курс студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + 3 =