Тәтті өнімдерінен дәм татқызды

0 90

e0ec171351446891208f9490056

Елордада Астана күніне орай кондитерлер фестивалі өтіп, онда он бестен аса кәсіпорын мерекелік торттарын, фирмалық бәліштері мен басқа да кондитерлік өнімдерін ұсынды. Келген қонақтарға өздері пісірген тағамдардан тегін дәм татқызды.

Фестивальді өткізудегі негізгі мақсаты – кондитерлік өнімдерді насихаттап, елорда аспаздарының шеберлік деңгейін арттыру еді. Ұйымдастырушылар бұл үдеден толық шыға білді. Бұған қоса, шара кондитершілердің өз өнімдерін кеңінен жарнамалауына мүмкіндік туғызды. Іс-шара барысында балалар үшін түрлі байқаулар ұйымдастырылып, викторина ойнатылды.

Жұма ҒАЗИЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 5 =