Татарстан көрерменін тәнті етті

0 49

«Астана Опера» театрының жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Бақтияр Адамжан мен Әйгерім Бекетаева Қазан қаласында өткен әлемге әйгілі балет бишісі Рудольф Нуриев атындағы XXXIV халықаралық классикалық балет фестиваліне қатысып, Татарстан көрерменін тәнті етті.Ресей Халық әртісі, «Астана Опера» театры балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың айтуынша, Әйгерім мен Бақтияр М.Жәлел атындағы Татар опера және балет театры сахнасында алғаш рет өнер көрсетті. Олар «Астана Опера» театрын, тұтас Қазақстанды таныстырды. Бұл – балет әлеміндегі танымал фестиваль. Биыл оған жақын және алыс шетелден 100-ге жуық әртіс қатысты.
Фестиваль бағдарламасы әлемдік хореография жауһарлары – Ф.Амировтың музыкасына жазылған «Мың бір түн», П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», А.Аданның «Корсар» балеттерімен және тағы басқа спектакльдермен көркемделген. Ал Әйгерім Бекетаева Л.Минкустың «Баядерка» балетінде Никияның басты партиясын орындаса, Бақтияр Адамжан Солордың бейнесін сомдады.

Жәнел ҚҰТТЫБАЙ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + 20 =