ТАТАР ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ ТАРТУЫ

0 183

DSC_7016

Қазақ пен татар бауырластығы тамыры тереңге кеткен қарт тарихпен астасып жатыр. Ортақ тегіміз, дініміз, дәстүріміз, туыс тіліміз – мәңгілік бірлігіміздің айғағы. Астанада өтіп жатқан Татарстан Республикасының мәдениет күндері – сан ғасырлық достық пен ағайындықтық тағы бір дәлелі. Осы мәдениет күндерінің аясында кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Татарстан Республикасы өнер шеберлерінің гала-концерті өтті.

Татарстан өнерпаздары «Сәләм, сәләм!» деп әндетіп, асқақ үнмен сахна пердесін түрді. Одан соң төрге көтерілген Татарстанның президенті Рустам Минниханов пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, төс қағыстырып бауырлас елдің белгісін танытты.

Татар жерінде туып, Қазақстанда өмірі өткен, екі елге де ортақ композитор Латиф Хамидидің қазандықтар орындалған «Қазақ вальсі» туыс елдің туындысындай әсер қалдырды. Сонымен қатар, сахнада Артур Мингазов, Марат Галимов, Регина Валива, Илюса Хузина, Ахмет Агади, Артур Исламов және «Қазан», «Шарм» би ансамблдеріі мен «Салават» театрының баяншылар квартеті өз өнерлерімен көрерменді тәнті етті.

DSC_6946

Татар өнерін тамашалауға келген қаламыздағы қарттар үйінің 72 жастағы тұрғыны Тохтагунов Гулмира: «Біздің қарттар үйінде 17 татар ұлтының өкілі бар. Бәріміз Татарстаннан келген бауырларымызды зор ықыласпен қарсы алуға келдік. Қазақ пен татар – туыс ұлт. Біз бұл жерде өз жерімізде жүргендей өмір сүреміз» дейді ағынан жарылып.

СҮБЕЛІ СӨЗ

DSC_6961

Рустам Минниханов, Татарстанның президенті:

– Астанада өтетін біздің мұндай мерекелер, сабантойлар бірлігіміздің одан әрі беки түсуіне септігін тигізеді. Қазақстандағы татар халқының әдет-ғұрыптарының сақталуы мені қуантады. Екі елдің достығын нығайтуға айрықша үлес қосып жатқан Нұрсұлтан Әбішұлына алғысымыз шексіз. Біздің тіліміз, дініміз ғана ортақ емес, келешегіміз де ортақ.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы өз сөзінде «Қазақ пен татар достығының тарихи негіздері, арналары арыдан басталады. ХХ ғасырда біздің әдеби кітаптардың, фольклорлық шығармалардың жарық көруіне татар баспагерлерінің еңбегі сіңген. Бұдан бөлек, қазақ зиялылары мен татардың беткеұстар тұлғалары тығыз байланыста болған. Айта берсек, көп, бұл бір ғана мысалы. Татарстан – Ресейдің құрамындағы автономды республика. Сондай ортада татар халқы өзінің рухани менін сақтап қалу үшін қаншама сүбелі еңбектер атқарып жатыр. Соның бір көрінісі – бүгінгі айтулы күн» дейді. 

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × four =