©2020 Астана Ақшамы
Татьяна Аманжол – Азияда теңдессіз
Астанада еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан балуандары әзірге бес медаль иеленді.
Жарыстың бірінші күні еркін күрестен 58 келі салмақта сынға түскен Расул Қалиев құрлық чемпионы атағын жеңіп алды. 86 келі салмақта белдескен Аслан Кахидзе күміс жүлдегер атанды. Ал, Дәулет Ниязымбетов (61 келі) пен Дәулет Шабанбай (125 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Әйелдер күресінде Қазақстан құрамасы Азия біріншілігін жеңіспен бастады. Ең жеңіл салмақта ел намысын қорғаған Татьяна Аманжол барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, үшінші рет Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Азия біріншілігі ертең мәресіне жетеді.