«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тастүлектер теңге ілді

0 255

«Қазанат» атшабарында «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы аясында теңге ілуден ІІ Азия чемпио­наты мен Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаты жалауын көтерді. Байрақты бәсе­кенің ашылу салтанатына ЮНЕСКО-ның Дәс­түрлі спорттар мен ойындар комитетінің төр­ағасы Халил Ахмед Хан, Ұлттық спорт түр­лері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев секілді бірқатар лауазымды тұлғалар қатысты.

Теңге ілуге Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Алтай Республикасы, Ауғанстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Түркия, жиыны 9 мемлекеттің спортшылары қатысуда. Еліміздің намысын бұл сайыста ІІ Азия чемпионатына іріктеу жарысына үздік танылған спортшы, былтыр осы спорт түрінде рекордты жаңартқан Мағжан Сапарбек пен Ғалымжан Ізжанов сынды шымыр жігіттер қорғап жатыр.
«Теңге ілуден осы Азия чемпионатында рекордтық көрсеткіш жаңаруы мүмкін. Біререр жыл бұрын ең үздік көрсеткіш 14 секунд болатын. Мұны Әліхан Бәшімбаев жасады. Одан соң 13 секунд болды. Бұл үздік теңге ілушіміз Ғалымжан Ізжановтың рекорды еді. Өткен жылы Теңге ілу спортында алдына қара салмай тұрған жас спортшымыз Мағжан Сапарбек Қызылорда облысында өткен ұлттық спорт фестивалінде рекордтық көрсеткішті 11 секундқа түсірді. Енді мына Азия чемпионатына қатысатын 9 мемлекет спортшылары арасында мықты дайындықпен келе жатқан спортшылар аз емес. Сондықтан, осы жолы да жаңа рекордтық көрсеткіштерге куә болуымыз ықтимал» деді теңге ілуден ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Нүркен Байбөриев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды