Тасқынға тосқын шаралар

0 15

Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді.Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізетін қалалық штаб құрылды. Елорда әкімінің орынбасары Ермек Қизатов штаб төрағасы болып тағайындалды. Штабтың міндеті – күтілетін су тасқыны деңгейін анықтау және су тасқынын болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыру. Сонымен қатар өзен арналарын, нөсерлі кәріздерді бақылап, тиісті түрде ұстау болып табылады.
– Су тасқыны қаупін азайту мақсатында қосымша көмек ретінде қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әлеуметтік нысандар мен жеке секторды қардан тазартуға ерекше көңіл бөлінеді. Дамбалар мен құрылыстардың жұмысын бақылауда ұстау қажет. Қысқы кезеңдегі жауын-шашынның мөлшері рекордтық деңгейге жетті. Үш қарлы боран соқты. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Ақпан мен наурыз айларында қаланың коммуналдық қызметтері күндіз-түні жұмыс атқарады, – деді штаб жұмысын айқындаған қала басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды