Тасқынға – тосқын

0 35

Наурыздың алғашқы аптасында су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізді.

Оқу-жаттығудың негізгі оқу орны болып үйілме бөгеттерді нығайту, қар шығару, нөсер кәріздерін тазалау, іздестіру жұмыс­тарын жүргізу, эвакуациялау және медициналық көмек көрсету бо­йынша жұмыстар жүргізілетін 4 аудан бекітілді. Сонымен қатар оқу-жаттығу аясында барлық 29 су тасқыны қаупі бар учаске қамтылып, қойылған міндеттерді орындауды үйлестіру үшін қаланың 4 ауданында шағын штабтар ашылды.
Тәжірибелік іс-қимылдың негізгі 4 орнында (Ильинка-2 т. м. секторы, «Шебснаб» саяжай алабы, Агроқалашық және Лесозавод т. м.) үйілме қорғаныш бөгетін салу, топырақ толы қаптар салу, қар шығару, зардап шеккендер үшін жылыту және тамақтандыру пункттері, су тасқыны қаупі кезінде халықты эвакуациялау және хабардар ету, электрэнергетикалық желілердегі электр беру желілерінің үзілуін жою, сондай-ақ су шайып кеткен автокөлік жолында қалған жолаушыларды автобуспен эвакуа­циялау бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар пысықталатын болады. Барлық арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар нақты жағдайларға барынша жақын және тәжірибелік жағынан пайдалы болмақ.
Су тасқыны салдарын жоюға қаланың шұғыл әрекет ету жасағы, құрамында 179 адам, 56 бірлік инженерлік техника (бульдозер, экскаватор, кран, тиегіш және камаз) жұмылдырылады. Құрамында жеке құрамнан 663 адам және 185 бірлік техника бар азаматтық қорғау органдарының топтамасы тұрақты әзірлікке келтірілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × two =