ТАСҚЫНҒА — ТОСҚЫН

0 106

Алматы ауданының әкімі Павел Кулагиннің төрағалығымен  су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру штабының кезекті отырысы  өтті. Оған қалалық ведомстволар мен аудандық коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты.

Отырыс барысында Ас­та­на қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қар­масының бастығы Рашид Аманжолов, «Астана-РЭК» АҚ бас­­­­қар­ма төр­аға­сы Александр Смо­­ро­дин, «Ас­тана-Энер­гия» АҚ бас­қар­­ма төр­аға­сы Марат Қа­­би­­денов және Алматы ау­да­­ны әкімі ап­па­ра­тының Өнді­рістік-тех­ни­ка­лық бөл­імінің бас­ты­ғы Боран­бай Болат­беков жиналған­дар алдында баян­дама жасап, ат­қа­рыл­ған жұ­мыс­тар жө­нін­де есеп берді.

Қыс түскеннен бері аудан айма­ғынан 1 524 495 текше метр қар шығарылған, ал өткен жылы дәл осы уақыт­та 600 899 текше метр қар шығарылған болатын.

Су астында қалу қаупінің алдын алу мақсатында ауданда күн сайын 200-ден ас­там арнайы тех­ника жұ­мылдырылады. Нау­рыз айы бас­тал­ғалы бері Алма­­ты ау­да­ны бойын­ша су тасқы­ны­­на қар­сы комис­сияның дис­пет­чер­лік қыз­меті іске қо­сыл­ды. Диспетчерлік пункт «Астана-Тазалық» ЖШС жаны­нан ашылып, 48-43-37 телефоны арқылы өтініштерді қабыл­дауда.

ӨТБ бастығы Боранбай Болат­бе­ков­тің мәліметіне сүйен­сек, мер­дігер ұйым­дар­мен су басу қау­пі бар орын­дарды сақтап қалу үшін ұсақ тас, құм сияқты мате­­риал­­дар дайындалып қой­ған, аудан­да қоқыстан тазартатын 70-тен ас­там көлік еріген суларды жою үшін қазіргі кезде дайын.

Бүгінгі күні ағын сулар кә­різ­дерінің барлығы қар мен мұздан бір мәрте та­зар­тылған. Бұл жұ­мыс­тар әлі де жүргізілуде. С­онымен қатар, ескі базар, Қаз­­­қала­шық аудандары, оң­­­­түстік-шығыс тұр­ғын ала­­­­­бы­­ның оң және сол жақтары сияқ­ты аймақ­тар­­дағы жер үй­лер­­дің маңынан қар шыға­ру жұмыстары жал­ғасуда.

Наурыз айының 4-і мен 11-і аралығында аудан­да ор­наласқан бар­лық білім бе­ру, тұрғын үй, меди­циналық, мә­де­ниет және өндірістік меке­ме­ле­рінің шатырлары тек­се­ріліп, төтенше жағ­дай­ларды болдырмау мақ­са­­тында барлық мекеме бас­шы­ларына дер кезінде төбе­лерді қар мен мұздан тазарту туралы ха­барлама берілді. Алайда, атқа­рылып жатқан барлық жұмыс­тарға қарамастан, шешілмеген кө­кейтесті мәселелер әлі де жоқ емес. Мәселен, Пуш­­­кин кө­шесіндегі насос станция­сы­ның электр­мен қам­та­ма­сыз ету жүйе­леріне қо­сылмауы, жұмыс жа­сап жат­қан және жұмыс­­сыз тұр­ған құрылыс нысандарынан, сая­бақтар мен шағын бақ­тар айма­ғын қардан тазарту, жүрдек жол бойында ұзақ мерзімге қалдырылған авто­кө­лік­тер­ді шы­ғару сияқ­­ты мә­се­лелер шешімін табуы тиіс. Міне, осы жұ­­мыс­­тар­ды атқарудың қажет­­тігін ескерткен аудан әкі­мі отырыс соңында тиіс­ті органдарға нақты тап­сыр­малар берді.

Гүлбаршын
МАМЫРАЙЫМОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 7 =