Тасқынға қарсы шара күшейтілді

0 15

 Елордада су тасқынына қарсы шаралар күшейтіліп, қала әкімдігі жанындағы комиссия шаһар шеңберінде  су басу қаупі бар 30-дан астам аумақты анықтады. Қазіргі кезде тасқынның алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ арықты және нөсерлік кәріз жүйелерін тазарту жалғасуда. Бұған қоса, Есіл өзенінің арнасын (Ш.Бейсекова көшесіндегі көпірге дейінгі аудан) кеңейту аяқталды. Қазір арнаны қайта жаңарту, су реттейтін бөгет салу қолға алынған.– Су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту қажет. Тұрғын алаптарға баса назар аударуымыз керек. Жеке сектор тұрғындарына үйінің шатырын және іргелес аумақты қардан уақытылы тазалау туралы хабарлама жіберіліп жатыр. Тұрғындар ауласындағы қарды жол жиегіне шығарып үйген кезде ғана коммуналдық қызметтер алып кетеді. Тұрғын алаптардағы жағдай – ерекше бақылауда. Атап айтқанда, Ильинкада бөгет нығайтылды, ал Көктал-1-де уақытша құм бөгеті салынды. Өндірісте өзен арнасын қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде. Бұл өзен суының кедергісіз ағып өтуін қамтамасыз етеді, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.Қала мен шеткері аймақтарды су тасқынынан қорғайтын контррегулятордың жұмыс режимі бекітілді. Көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында Майбалық көлінен «Нұра-Есіл» арнасына дейін жұмыс істеп тұрған арнаның суды өткізу деңгейі арттырылады. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде қар тазалауға көшті.
Бүгінде қала аумағынан 4,6 млн текше метр қар шығарылды. Өткен қыста шығарылған қар көлемі екі есе аз болды. Атап айтқанда, былтыр тек 1,9 млн текше метр қар шығарылды.
«Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық орталығының директоры Марина Шмидтің айтуынша, былтыр қыста жауған қардың көлемі 102 мм болса, биыл қыста қараша мен ақпан аралығында жауған қар көлемі 173 мм-ге жеткен. Бұл шамамен нормадан екі есе жоғары (бір айдың нормасы 15 мм болса, 15 күнде 34 мм қар жауды).
Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша тұрғындар мына телефондар арқылы хабарласа алады:
Сарыарқа ауданы: 8-778-710-91-00; Байқоңыр ауданы: 8-702-348-82-88, 8-701-999-22-89; Алматы ауданы: 8-707-795-13-88.
Железнодорожный, Промышленный тұрғын алаптары: 8-778-669-97-70, қосымша тел.: 8-707-878-11-31, 8-701-407-80-52.
Мичурино, Күйгенжар, Интернациональный: 8-707-588-72-27, қосымша тел.: 8-701-715-62-30.
Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы бойынша: 8-702-444-52-99, қосымша тел.: 8-702-905-59-95, 8-777-077-77-89.
Есіл ауданы: 8-701-121-25-35 (Пригородный, Заречный, Тельман), 8-778-176-31-11 (Үркер, Шығыс Ильинка).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды