Тас жолдар талапқа сай болады

0 109

«Астана–Щучье» тасжолында қаза тапқандар саны 22 есе азайған. Бұл жөнiнде ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Көлiк және коммуникация вице-министрi Мереке Пiшембаев мәлiмдедi.

«Көлiк және коммуникация министрлiгi республикадағы 23 500 жолға қадағалау жүргiзiп, жауап беремiз. Жолдардың қауiпсiз деңгейiн арттыру бағытында мындайа шаралар қабылдануда: бiрiншiден, қозғалыс қарқыны жоғары жолдарды, техникалық бiрiншi деңгейдегi жолдарды төрт жолақты және қарама-қарсы бағыттағы жолақтары бар жолдарға ауыстырылуда. Бұл жүргiзушiлердiң басып озу кезiнде қарсы бағыттағы жол бетiне шығып кетуiн шектейдi», – деп атап өтті Мереке Пiшембаев.

Есіңізде болса, күні кеше мемлекет басшысы  Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде жол қауіпсіздігі мен Қазақстан жолдарының сапасына қатысты сын айтып, сала бойынша жұмыс күшейсін деп тапсырма берген болатын. Бүгін сала басшылары мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмысымызды жүйелі жалғастыратынынын айтты. Вице-министр Мереке Пішембаев былай деп мәлімдеді: «Жоғары талаптарға сай  салынған автобандардың бiрi – «Астана-Щучье» тасжолы. Ол пайдалунға берілгелі бері осы бағыттағы жол-көлiк оқиғалары 3 есе, ал қаза тапқандар саны 22 есе азайған. 2020 жылға дейiн осындай бiрiншi техникалық  санатқа сай жолдарды 4 мың шақырымға жеткiзудi көздеп отырмыз», деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − nine =