Тәртіптік кеңесте талқыланды

0 110

26 қыркүйек күні Мем­ле­кет­тік қызмет істері агенттігінің Астана­ қаласы бойынша­ Тәр­тіп­тік­­­ кеңес төрағасы Т.Қаскиннің жетек­ші­лі­гімен­ жиын өтті. 

Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның және Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнің талаптарын бұзу деректері қарастырылды.
Атап айтсақ, Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша салық басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ, Сәулет және қала құрылысы басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралды. Мәселен, Сарыарқа ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары Б.Мүлкібеков жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн бірнеше рет бұзған. Нәтижесінде Тәртіптік кеңес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 12-бабына сәйкес Б.Мүлкібековке «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс шығарылды. Сонымен қатар, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы мен Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасына жүргізілген жоспарлы тексеріс нәтижесі таныс­тырылды. Отырыс қорытындысы бойынша, лауазымды тұлғаларды тиісті тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар берілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × two =